О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 12 мая 2003 года № 197 "О перемещении товаров под таможенным контролем"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 12 мая 2003 года № 197 "О перемещении товаров под таможенным контролем"
- Атауы (қаз.)
- "Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 386
- Қабылданған күні
- 29.09.2005
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2011 AI25480_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003877_
- ЭКБ идентификаторы
- 25480
- Редакция идентификаторы
- AI25480_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:21
0 "Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Кедендік әкімшілдендіруді жақсарту мақсатында және Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 74, 76 және 86-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін тіркеу тізілімінде № 2318 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 1 желтоқсандағы № 537 , Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі - Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 20 мамырдағы № 195 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарының жеткізілуін бақылау ережесінде:
9-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"9. ЖБҚ бағандарын декларант не тасымалдаушы, экспедитор, ал көрсетілген адамдар болмаған жағдайда - кеден органының лауазымды адамы толтырады.";
он бесінші абзац "тасымалданған жағдайда" деген сөздерден кейін "қосымша" деген сөзбен толықтырылсын;
жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Шекарадағы кеден" деген 29-бағанда - жөнелтуші кеден органы көрсетіледі.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Алушының дәлелді өтініші бойынша кепілдік берілген міндеттемені тіркеген кеден органы жөнелтуші кеден органына кейіннен түпнұсқаны пошта арқылы жібере отырып байланыс құралдары бойынша кепілдік берілген міндеттемені жібереді.";
25-тармақтағы "түпнұсқасы" деген сөз алынып тасталсын;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Ішкі кедендік транзит рәсіміне сәйкес өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары келгенін тіркеген сәттен бастап жеткізілген деп есептеледі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді растайтын құжатты толтыру және ұсыну ережесінде:
17-тармақтағы "және тауарлардың кедендік бақылаумен жеткізілгендігін растау туралы куәлік" деген сөздер алынып тасталсын.