Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 ноября 2003 года № 397 "Об утверждении Правил исполнения представителем держателей облигаций своих функций и обязанностей, о порядке и случаях досрочного прекращения его полномочий, а также о требованиях к содержанию договора о представлении интересов держателей облигаций, заключаемого между эмитентом и представителем держателей облигаций"

Қаулы · № 207 · қабылданған 16.07.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2003-no-397/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 ноября 2003 года № 397 "Об утверждении Правил исполнения представителем держателей облигаций своих функций и обязанностей, о порядке и случаях досрочного прекращения его полномочий, а также о требованиях к содержанию договора о представлении интересов держателей облигаций, заключаемого между эмитентом и представителем держателей облигаций" Күшін жойған Қаулы ·№ 207 ·16.07.2007
24.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 ноября 2003 года № 397 "Об утверждении Правил исполнения представителем держателей облигаций своих функций и обязанностей, о порядке и случаях досрочного прекращения его полномочий, а также о требованиях к содержанию договора о представлении интересов держателей облигаций, заключаемого между эмитентом и представителем держателей облигаций"

Күшін жойған Қаулы ·№ 207 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 ноября 2003 года № 397 "Об утверждении Правил исполнения представителем держателей облигаций своих функций и обязанностей, о порядке и случаях досрочного прекращения его полномочий, а также о требованиях к содержанию договора о представлении интересов держателей облигаций, заключаемого между эмитентом и представителем держателей облигаций"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстанушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстанушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2003 жылғы 12 қарашадағы N 397 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
207
Қабылданған күні
16.07.2007
Көрсетілген редакция
24.02.2012 AI34917_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004891_
ЭКБ идентификаторы
34917
Редакция идентификаторы
AI34917_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:19

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстанушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстанушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2003 жылғы 12 қарашадағы N 397 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Облигациялар ұстаушылар өкілінің өзінің функцияларын және міндеттерін облигациялар айналымы процессінде орындау тәртібін және эмитенттің облигация ұстаушылар алдындағы міндеттерін орындауға қамтамасыз ету болып табылатын мүлік кепіліне бақылауды күшейтуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі- Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының "Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2003 жылғы 12 қарашадағы N 397 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2603 тіркелгені; "Казахстанская правда" газетінде 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 366 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережеде:
3, 4, 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Шарт облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркеуге дейін жасалады.
4. Эмитенттің облигациялар ұстаушылардың алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлік (бұдан әрі - кепілдік мүлік) толық немесе ішінара жоғалған немесе бүлінген жағдайда эмитент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны қалпына келтіру немесе ауыстыру шараларын қолданады.
5. Облигациялар ұстаушыларға зиян келтіруі мүмкін жағдайлар болған кезде, оның ішінде егер кепілге салынған мүлік эмитенттің міндеттемелерін орындауын толық көлемде қамтамасыз етпесе, өкіл бұл жөнінде оған белгілі болған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде облигациялар ұстаушыларды оның жарғысында белгіленген хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен хабардар етеді.";
6-тармақта:
2) тармақша "жай-күйі туралы" деген сөздерден кейін "және өкілдің талабы бойынша кез келген күнге" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) эмитенттен тоқсанның қорытындысы бойынша немесе өкілдің талабы бойынша кез келген күнге оның қаржылық есебінің көшірмесін алу;";
4) тармақшада:
"арқылы жүзеге асырады" деген сөздері алынып тасталсын; "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшасымен толықтырылсын:
"5) оның жарғысымен белгіленген тоқсан сайын бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялау, кепілдік мүліктің жай-күйіне талдау жасау арқылы жүзеге асырады.";
8-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"3-1) эмитенттің бастамасы бойынша, егер облигациялар ұстаушылардың он және одан көп пайызы эмитенттің атына өкілді ауыстыру талабымен өтініш берген жағдайда;";
9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы Ереженің 8-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде эмитент жеті жұмыс күн ішінде өкілмен жасасқан шартты бұзу шараларын қолданады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Эмитент жаңа өкілмен шарт жасасқаннан кейін және облигациялар шығарылымының проспектісіне тиісті өзгеріс енгізгеннен кейін Шарттың қолданылуы тоқтатылады.
Осының алдындағы өкілмен жасалған шарттың қолданылуы тоқтатылғаны және эмитенттің басқа өкілмен жаңа шарт жасағаны туралы ақпаратты эмитент оның жарғысында белгіленген тәртіппен облигациялар шығарылымының проспектісіне тиісті өзгерістер енгізген күннен бастап бес күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жариялайды.".

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж.Хаджиева):

1 1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4 4. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

Қолданыстағы