О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 ноября 2003 года № 397 "Об утверждении Правил исполнения представителем держателей облигаций своих функций и обязанностей, о порядке и случаях досрочного прекращения его полномочий, а также о требованиях к содержанию договора о представлении интересов держателей облигаций, заключаемого между эмитентом и представителем держателей облигаций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 12 ноября 2003 года № 397 "Об утверждении Правил исполнения представителем держателей облигаций своих функций и обязанностей, о порядке и случаях досрочного прекращения его полномочий, а также о требованиях к содержанию договора о представлении интересов держателей облигаций, заключаемого между эмитентом и представителем держателей облигаций"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстанушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстанушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2003 жылғы 12 қарашадағы N 397 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 207
- Қабылданған күні
- 16.07.2007
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2012 AI34917_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004891_
- ЭКБ идентификаторы
- 34917
- Редакция идентификаторы
- AI34917_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:19
0
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстанушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстанушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2003 жылғы 12 қарашадағы N 397 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Облигациялар ұстаушылар өкілінің өзінің функцияларын және міндеттерін облигациялар айналымы процессінде орындау тәртібін және эмитенттің облигация ұстаушылар алдындағы міндеттерін орындауға қамтамасыз ету болып табылатын мүлік кепіліне бақылауды күшейтуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі- Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының "Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2003 жылғы 12 қарашадағы N 397 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2603 тіркелгені; "Казахстанская правда" газетінде 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 366 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережеде:
3, 4, 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Шарт облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркеуге дейін жасалады.
4. Эмитенттің облигациялар ұстаушылардың алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлік (бұдан әрі - кепілдік мүлік) толық немесе ішінара жоғалған немесе бүлінген жағдайда эмитент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны қалпына келтіру немесе ауыстыру шараларын қолданады.
5. Облигациялар ұстаушыларға зиян келтіруі мүмкін жағдайлар болған кезде, оның ішінде егер кепілге салынған мүлік эмитенттің міндеттемелерін орындауын толық көлемде қамтамасыз етпесе, өкіл бұл жөнінде оған белгілі болған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде облигациялар ұстаушыларды оның жарғысында белгіленген хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен хабардар етеді.";
6-тармақта:
2) тармақша "жай-күйі туралы" деген сөздерден кейін "және өкілдің талабы бойынша кез келген күнге" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) эмитенттен тоқсанның қорытындысы бойынша немесе өкілдің талабы бойынша кез келген күнге оның қаржылық есебінің көшірмесін алу;";
4) тармақшада:
"арқылы жүзеге асырады" деген сөздері алынып тасталсын; "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшасымен толықтырылсын:
"5) оның жарғысымен белгіленген тоқсан сайын бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялау, кепілдік мүліктің жай-күйіне талдау жасау арқылы жүзеге асырады.";
8-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"3-1) эмитенттің бастамасы бойынша, егер облигациялар ұстаушылардың он және одан көп пайызы эмитенттің атына өкілді ауыстыру талабымен өтініш берген жағдайда;";
9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы Ереженің 8-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде эмитент жеті жұмыс күн ішінде өкілмен жасасқан шартты бұзу шараларын қолданады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Эмитент жаңа өкілмен шарт жасасқаннан кейін және облигациялар шығарылымының проспектісіне тиісті өзгеріс енгізгеннен кейін Шарттың қолданылуы тоқтатылады.
Осының алдындағы өкілмен жасалған шарттың қолданылуы тоқтатылғаны және эмитенттің басқа өкілмен жаңа шарт жасағаны туралы ақпаратты эмитент оның жарғысында белгіленген тәртіппен облигациялар шығарылымының проспектісіне тиісті өзгерістер енгізген күннен бастап бес күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жариялайды.".