Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 12 июня 2004 года № 157 "Об утверждении Правил выдачи согласия на назначение (избрание) руководящих работников финансовых организаций"

Қаулы · № 120 · қабылданған 30.04.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2004-no-157-ekb-33573/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 12 июня 2004 года № 157 "Об утверждении Правил выдачи согласия на назначение (избрание) руководящих работников финансовых организаций" Күшін жойған Қаулы ·№ 120 ·30.04.2007
24.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 12 июня 2004 года № 157 "Об утверждении Правил выдачи согласия на назначение (избрание) руководящих работников финансовых организаций"

Күшін жойған Қаулы ·№ 120 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 12 июня 2004 года № 157 "Об утверждении Правил выдачи согласия на назначение (избрание) руководящих работников финансовых организаций"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
120
Қабылданған күні
30.04.2007
Көрсетілген редакция
24.02.2012 AI33573_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004708_
ЭКБ идентификаторы
33573
Редакция идентификаторы
AI33573_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:41

0

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Агенттік Басқармасының»"Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2952 тіркелген), Агенттік Басқармасының»"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының»"Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 19 ақпандағы N 35 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3509 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, N 15, 2005 жылғы маусым, 111-құжат), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4168 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесінде:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы кандидаттың тиісті немесе жоғары лауазымды қызметке тағайындалуына уәкілетті органмен осының алдында келісілген жағдайда қаржы ұйымының уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге қайта тағайындалған (қайта сайланған) қаржы ұйымының басшы қызметкерін уәкілетті органмен келісу тиісті емес.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қаржы ұйымы кандидатын уәкілетті органға келісу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кандидат туралы, оның ішінде осы Ереженің 1, 1-1-қосымшаларына сәйкес ұсынылған мәліметтер жайлы көрсетіп, еркін нысанда жасалған өтінішке қаржы ұйымы құжаттамалық жағынан тексеруі және қол қоюы тиіс:
қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысын - директорлар кеңесінің мүшелерін, бірінші басшысын және қаржы ұйымының басқарма мүшелерін тағайындау (сайлау) кезінде;
қаржы ұйымы басқармасының бірінші басшысын (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жекелей жүзеге асырушы тұлға), сақтандыру брокерінің бірінші басшысын не оның орынбасарын - директорлар кеңесінің бірінші басшысын, қаржы ұйымының бас бухгалтерін және өзге басшы қызметкерлерін тағайындау (сайлау) кезінде;
осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қаржы ұйымының құрылтайшыларының (қатысушыларының) бірі (жаңадан құрылған қаржы ұйымы не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы үшін) - қаржы ұйымының бірінші басшысын және директорлар кеңесінің мүшелерін, сақтандыру брокерінің бірінші басшысын, тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны тағайындау (сайлау) кезінде;
2) басқарма мүшесі, қаржы ұйымы құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне үйлестіруді және (немесе) бақылауды және банк операциялары, сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызмет, бағалы қағаздар рыногында мәмілелерді жүзеге асыратын қаржы ұйымының өзге басшысы қызметіне кандидаттың қызметтік нұсқаулығының көшірмесін;
3) қаржы ұйымының уәкілетті органының кандидатты тағайындау (сайлау) туралы шешімінің көшірмесін;
4) осы Ереженің 1, 1-1-қосымшаларына сәйкес электронды және қағаз жеткізушідегі кандидат туралы мәліметтер;
5) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
6) кандидаттың мінсіз іскерлік беделін растайтын құжаттар:
осы Ереженің 1-2-қосымшасына сәйкес нысанда жасалған ұсыным хаттар (осы Ереженің 4-2-тармағында көрсетілгендей екі адамнан кем емес);
уәкілетті мемлекеттік орган құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есеп жүргізетін анықтамалар нысанында берген экономикалық қызмет саласындағы немесе орта дәрежелі, ауыр және аса ауыр қылмыс үшін алынбаған немесе өтелмеген сот ісінің жоқтығын растаушы құжатты (аталған құжатты беру күні өтінішті беру күнінің алдындағы үш айдан артық болмауы тиіс). Шетелдік азаматтар өз елінің азаматтығымен, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты тұратын елдерінің тиісті мемлекеттік органы берген соған ұқсас мазмұндағы құжатты қосымша ұсынады.
Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексеру қажет болған жағдайда тиісті органдардан, ұйымдардан не ұсыным жасаушы тұлғадан қосымша мәліметтер сұратады.";
мынадай мазмұндағы 4-2, 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
"4-2. Ұсыным жасаушы тұлғалар мыналар болуы мүмкін:
1) "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі";
2) оларды тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері, қаржы ұйымдарының бірінші басшысы (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) және басқарма мүшелері;
3) қаржы ұйымдарының басшылары - тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтинг агенттіктерінің бірі берген BB+-ден төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент еместері - Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қаржы ұйымдарының басшы лауазымды қызметкерлерінің кандидаттарын келісу кезінде.
Басшы қызметкер, акционер, кандидатты келісу туралы өтініш жасайтын қаржы ұйымының құрылтайшысы, кандидаттың ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) және кандидаттың жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) - ұсыным жасаушы бола алмайтын тұлғалар болып табылады.
4-3. Осы Ереженің 4-тармағында аты аталған, бірнеше парақтардан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың екінші бетінде тігілім шетіне желімделген парақтардың саны көрсетіліп, ішінара жапсырманың жоғарғы жағына қаржы ұйымының мөрімен расталған күйінде ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері осындай құжаттарға қол қою құқығы бар қаржы ұйымының лауазымды тұлғаларының қолымен және қаржы ұйымының мөр бедерімен расталады.";
12-тармақта:
1), 2) тармақшалардағы "Басқарманың бірінші басшысын" деген сөздерден кейін "(тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғалар)" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы "Басқарманың бірінші басшысын" деген сөздерден кейін "(тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға)" деген сөздермен толықтырылсын;
5), 6) тармақшалардағы "әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердегі жұмыс стажын қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақшадағы "қаржылық қызмет көрсетуге" деген сөздерден кейін "немесе әкімшілік, ақпараттық-технологиялық функцияларды, сондай-ақ қаржы ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;
23-1-тармақта:
2) тармақшада:
"не дәлелді себепсіз тестілеуге келмей қалу" деген сөздермен толықтырылсын;
"." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) басшы қызметкер өз лауазымды қызметін уәкілетті органның келісімінсіз иелене алатын кезең мерзімінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген мерзімі бойынша аяқталуы бойынша құжаттарды ұсыну.";
1-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 1-1, 1-2 қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3 3. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):

1 1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасарлары Е.Л.Бахмутоваға және Ғ.Н.Өзбековке олардың функционалдық міндеттеріне сай жүктелсін.

8 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын

және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 30 сәуірдегі N 120
қаулысына 1-қосымшасы
"Қаржы ұйымдарының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру ережесінің
1-қосымшасы
Қаржы ұйымдарының басшы қызметкері лауазымына кандидат
                      туралы қысқаша деректер
_________________________________________________________________
                       (қаржы ұйымының атауы)
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
2. Азаматтығы
____________________________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжат деректері
____________________________________________________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызмет (қызметтер)
____________________________________________________________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары), байланыс
телефоны
____________________________________________________________________
6.   Ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi,
балалары) және кандидаттың жекжаттары (ерінің (зайыбының)
ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, балалары) туралы мәліметтер:
N
Фа­ми­ли­я­сы, аты,
әке­сі­нің аты
(бар бол­са)
Ту­ған жы­лы
Туы­сқан­дық
қа­ты­на­ста­ры
Жұ­мыс ор­ны және
қыз­ме­ті
1.
7. Кандидаттың заңды тұлғаның жарғы капиталына немесе акцияларын иеленуге қатысуы туралы мәліметтер
N
Заң­ды тұл­ға­ның
ата­уы және
тұ­ра­тын ор­ны
Заң­ды тұл­ға қыз­ме­ті­нің
жар­ғы­лық түр­ле­рі
Жар­ғы
ка­пи­та­лын­да­ғы
қа­ты­су үле­сі
неме­се кан­ди­дат­қа,
заң­ды тұл­ға­ның
да­уыс бе­ру­ші
ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы
са­ны­на ти­е­сі­лі
ак­ци­я­лар са­ны­ның
ара қа­ты­на­сы
(пай­ы­з­бен)
1.
Осы ақпаратты мен тексергенімді және оның шынайы және толық екендігін растаймын.
Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса)______________________
(баспа әріптерімен)
Күні ________________________________
Қолы ________________________________"

9 Қаржы ұйымдарының басшы қызметкері лауазымына кандидаттың мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 30 сәуірдегі N 120
қаулысына 2-қосымшасы
"Қаржы ұйымдарының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру ережесінің
1-1-қосымшасы
Қаржы ұйымдарының басшы қызметкері лауазымына кандидаттың
мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер
1. Білімі
Оқу ор­ны­ның
ата­уы
Ке­ліп
түс­кен
кү­ні -
аяқ­тал­ған
кү­ні
Ма­ман-
ды­ғы
Бі­лі­мі ту­ра­лы
ди­плом­ның
де­ректе­ме-
ле­рі,
бі­лік­ті­лі­гі
Оқу ор­ны­ның
ор­на­лас­қан ор­ны
2. Соңғы үш жылдағы біліктілік көтеру жөніндегі семинарлар,
біліктілік көтеру курстарынан өту туралы мәліметтер
Ұй­ым­ның ата­уы
Өт­кі­зу кү­ні және
ор­ны
Сер­ти­фи­кат де­ректе­ме­ле­рі
3. Еңбек қызметі туралы мәліметтер
Жұ­мыс
ке­зе­ңі
Жұ­мыс
ор­ны
Қыз­ме­ті
Тәр­тіп­тік
ша­ра
қол­да­ну­дың
бо­луы
Жұ­мыстан шы­ғу, қыз­мет­тен
боса­ну се­беп­те­рі
4. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да
жетістіктер:
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
5. Экономикалық қызмет аясындағы қылмыс үшін немесе ауырлығы
орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе
өтелмеген соттылықтың болуы туралы мәліметтер
Кү­ні
Сот
ор­га­ны-
ның
ата­уы
Сот­тың
тұ­ра­тын
ор­ны
Жа­за­ның
тү­рі
1997 жы­л­ғы 16
шіл­де­де­гі
Қа­зақ­стан
Рес­пуб­ли­ка­сы-
ның Қыл­мыстық
Ко­дек­сі­нің
ба­бы
Сот­тың
про­цес­су­ал­ды
ше­шім­ді
қа­был­да­ған кү­ні
6. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді (өтелмеген немесе мерзімі өткен заемдар
және басқалар)
орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(аталған фактілер болған жағдайда ұйымның атауын және міндеттемелер
сомасын көрсету)
7. Осының алдында банкрот болып табылған не лицензиясынан айыру,
еріксіз тарату, консервация, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы
шешім қабылданған қаржы ұйымының басшы қызметкері болды ма:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(иә/жоқ, қаржы ұйымының атауын, қызметін, жұмыс кезеңін көрсету)
8. Кандидатты басшы қызметкер лауазымына келісу туралы ұсынып отырған
қаржы ұйымымен аффилиирлігінің болуы (болмауы):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(иә/жоқ, аффилиирлік белгісін көрсету)
9. Қадағалау органдарының заңнаманы бұзғаны үшін қызметтік міндеттерін
орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(иә/жоқ, күнін және ықпал ету шарасын кім қолданғанын көрсету)
10. Қаржы ұйымының басшысы ретінде қаржылық қызмет көрсету мәселелері
бойынша соттағы ақ-қараны ажырату кезінде жауап беруші ретінде т
артылды ма:
______________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(иә/жоқ, соттағы ақ-қараны ажырату кезінде жауап беруші - қаржы
ұйымының атауы, қаралған мәселе және сот шешімі)
11. Ұсыным жасаушы тұлғаларды көрсеткен ұсыным хаттарының болуы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
12. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат:
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Осы ақпаратты мен тексердім және оның толық және шынайы болып
табылатындығын растаймын.
Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________
(баспа әріптермен)
Күні ________________________________
Қолы _______________________________

10 Ұсыным хат

Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін
тағайындауға (сайлауға) келісім беру
ережесінің 1-2-қосымшасы
Ұсыным хат
__________________________________________________________________
(қаржы ұйымының басшы қызметкері қызметіне ұсынылған кандидаттың
           фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Мен___________________________________________________қызметіне
         фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса))
___________________________________________________________________
     (қаржы ұйымының басшы қызметкері қызметінің атауын көрсету)
____________________________________________________________________
     (қаржы ұйымының басшы қызметкері қызметіне ұсынылған
кандидаттың фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса))
_____________________________________________________ ұсынамын.

  1. Кандидаттың сипаттамасы__________________________________________
____________________________________________________________________
2. Кәсіби жарамдылық бағасы_________________________________________
____________________________________________________________________
3. Кәсіби қызметтегі жетістіктер____________________________________
____________________________________________________________________
4. Жеке сипаттамалар________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Кандидаттың мықты және осал тұстары______________________________
____________________________________________________________________
6. Жүктелген міндеттерді орындай білу қабілеттігі___________________
____________________________________________________________________
7. Потенциал және мүмкіндіктер______________________________________
____________________________________________________________________
8. Қабылданатын шешімдердің тиімділігі______________________________
____________________________________________________________________
9. Жалпы жұмыс нәтижесіне қосылған жеке үлес________________________
____________________________________________________________________
10. Адамдармен өзара қарым-қатынасы_________________________________
____________________________________________________________________
11. Кандидатқа баға беру үшін пайдалы болуы мүмкін өзге ақпарат___________
____________________________________________________________________
      Осы ұсынымды беруші тұлға қызметі
     _______________________________________________________________
      Ұсыным берушінің жұмыс орны
     _______________________________________________________________
      Байланыс телефоны ____________________________________________
      Ұсыным берушінің қолы______________________
      Күні ___________________"

Қолданыстағы