О внесении изменений в постановление акимата района «Об утверждении грантов «Лучший учитель казахского языка и литературы» от 12 августа 2004 года № 179
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района «Об утверждении грантов «Лучший учитель казахского языка и литературы» от 12 августа 2004 года № 179
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 12 тамыздағы "Қазақ тілі және әдебиетінің озат мұғалімі" грантын бекіту туралы № 179 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 254
- Қабылданған күні
- 26.08.2008
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2024 41772_729316.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SC000085
- ЭКБ идентификаторы
- 41772
- Редакция идентификаторы
- 41772_729316
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:56
0 Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 12 тамыздағы "Қазақ тілі және әдебиетінің озат мұғалімі" грантын бекіту туралы № 179 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Құқықтық нормативтік актілер туралы» № 213-1 Заңының 28-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 12 тамыздағы «Қазақ тілі және әдебиетінің озат мұғалімі» грантын бекіту туралы» № 179 қаулысына (құқықтық. нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 1342 тіркелді, 2004 жылғы 24 қыркүйектегі «Айыртау таңы» және 2004 жылғы 24 қыркүйектегі «Айыртауские зори» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сәйкес келетін жылға ай сайын гранттарды төлеуге аудан бюджетінен қаржы бөлуді қарастырсын;
4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қазақ тілі және әдебиетінің озат мұғалімі» гранттарын белгілеу туралы Ережеге сәйкес гранттарды төлеуді қамтамасыз етсін.
5-тармақтағы «Е.С.Қалиев» сөзі «Бүбенеев Қ.Н.» сөзімен ауыстырылсын;
аталған қаулымен бекітілген «Қазақ тілі және әдебиетінің озат мұғалімі» гранттарын белгілеу туралы Ережедегі:
6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: Гранттар ай сайын жұмыс нәтижесі бойынша беріледі;
аталған қаулымен бекітілген гранттарды төлеуді есептеу алынсын;
аталған қаулымен бекітілген «Қазақ тілі және әдебиетінің озат
мұғалімі» гранттарын белгілеу бойынша комиссиясының құрамы қосымшаға
сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.