О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2004 года № 316 "О некоторых вопросах по перевозке опасных грузов автомобильным транспортом"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2004 года № 316 "О некоторых вопросах по перевозке опасных грузов автомобильным транспортом"
- Атауы (қаз.)
- "Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау жөнiндегi кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1381
- Қабылданған күні
- 20.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2015 AI76051_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300001381
- ЭКБ идентификаторы
- 76051
- Редакция идентификаторы
- AI76051_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:28
0 "Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау жөнiндегi кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 14, 176-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен қауiптi жүктерді тасымалдау қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауiптi жүкті тасымалдау рұқсат беру құжаты – Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат негiзiнде, арнайы бейімделген автомобильмен немесе осы мақсаттар үшін арнайы қайта жабдықталған басқа да автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.»;
7-тармақ алынып тасталсын;
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әрбір автокөлік құралына ақпараттық табло;»;
25-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Жол қозғалысы қағидаларына және Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келісімге (ҚЖХЖТ) сәйкес тану белгiлерiмен жабдықтау;»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Қауiптi жүктерді тасымалдауға қатысушылар адамдардың денсаулығы мен өмiрiне, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау мақсатында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі тиiстi ұйымдастыру және техникалық шаралар қабылдайды.
Қауiптi жүктерді жөнелтушілердің және (немесе) тасымалдаушылардың негізгі немесе қосымша қызметі қауiптi жүктерді тасымалдауды немесе онымен байланысты тиеу-түсіру операцияларын қамтыса, өз құрамында тасымалдау процесінің қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлері болады.
Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін барлық қолданыстағы маршруттардан адамдардың денсаулығы мен өмiрiне, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау мақсатында тасымалдаушы қауіптілігі мейлінше төмен маршрутты таңдайды.».