Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение районного маслихата от 12 мая 2004 года № 4-6 "Об утверждении Правил, за нарушение которых на территории района предусматривается административная ответственность"

Ереже · № 16-2 · қабылданған 26.10.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2004-no-4-6/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение районного маслихата от 12 мая 2004 года № 4-6 "Об утверждении Правил, за нарушение которых на территории района предусматривается административная ответственность" Күшін жойған Ереже ·№ 16-2 ·26.10.2005
04.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в решение районного маслихата от 12 мая 2004 года № 4-6 "Об утверждении Правил, за нарушение которых на территории района предусматривается административная ответственность"

Күшін жойған Ереже ·№ 16-2 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение районного маслихата от 12 мая 2004 года № 4-6 "Об утверждении Правил, за нарушение которых на территории района предусматривается административная ответственность"
Атауы (қаз.)
Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 мамырдағы "Аудан аумағында тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін Ережелерді бекіту туралы" № 4-6 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16-2
Қабылданған күні
26.10.2005
Көрсетілген редакция
04.11.2009 AI25697_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05GE000007
ЭКБ идентификаторы
25697
Редакция идентификаторы
AI25697_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:16

0 Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 мамырдағы "Аудан аумағында тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін Ережелерді бекіту туралы" N 4-6 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабының 2-тармағы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Үшінші шақырылған аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 12 мамырдағы "Аудан аумағында тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін Ережелерді бекіту туралы" N 4-6 шешіміне (тіркелген N 1375, 2004 жылғы 30 маусымдағы аудандық "Қордай шамшырағы" - "Кордайский маяк" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген ауданның елді мекендерін көріктендіру, жасыл желектерді күту және қорғау Ережелерінің:
17-тармағы:
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"көшелердің көлік және жүргіншілер жүретін бөлігін, құрылыс салудан және жасыл желектерден бос аумақтарды, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы орындарды қандай да болмасын қоқыстармен (темекі қалдықтарымен, бөтелкелермен, қағазбен) тұрмыстық қалдықтармен ластауға";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"арнайы белгіленбеген жерлерге хабарландырулар, афишалар, құлақтандырулар, жарнамалық плакаттар, үнпарақтар және сол сияқтыларды жапсыруға тиым салынады".

Қолданыстағы