О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 ноября 2004 года № 654 "Об утверждении Ветеринарных правил по профилактике и ликвидации инвазионных болезней животных"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 ноября 2004 года № 654 "Об утверждении Ветеринарных правил по профилактике и ликвидации инвазионных болезней животных"
- Атауы (қаз.)
- "Жануарлардың инвазиялық ауруларын алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 654 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 625
- Қабылданған күні
- 24.09.2010
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2012 AI55062_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006589
- ЭКБ идентификаторы
- 55062
- Редакция идентификаторы
- AI55062_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:17
0 "Жануарлардың инвазиялық ауруларын алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 654 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жануарлардың инвазиялық ауруларын алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 654 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3249 болып тіркелген, 2005 жылғы 14 қазандағы № 126-127(751) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесінде «8)» деген сан «9)» деген санмен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті және оның облыстық және Астана, Алматы қалалық аумақтық инспекциялары,заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.»;
3-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың анаплазмозының алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық ережеде:
10-тармақта «Импорттан алынған» деген сөздер «Әкелінетін, әкетілетін, сондай-ақ орны ауыстырылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
12 және 13-тармақтарда «ветеринариялық инспекторына», «ветеринариялық инспекторы» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық инспекторына», «ветеринариялық-санитариялық инспекторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта «Анаплазмозға» деген сөздің алдынан «Егер халықаралық міндеттемелерде өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын.