О внесении изменений в постановление акимата от 12 апреля 2005 года № 166 "Об Инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, по возмещению затрат на проживание, питание, медицинское освидетельствование и проезд к месту обучению в пределах региона"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 12 апреля 2005 года № 166 "Об Инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, по возмещению затрат на проживание, питание, медицинское освидетельствование и проезд к месту обучению в пределах региона"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 166 "Кәсіпке даярлауға біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету, тұратын орнына, тағамына, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқитын орынға жол жүруге арналған шығындарды өтеу жөніндегі Нұсқаулық туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 130
- Қабылданған күні
- 15.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2012 45746_195597.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NC000107
- ЭКБ идентификаторы
- 45746
- Редакция идентификаторы
- 45746_195597
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:23
0
Әкімдіктің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 166 "Кәсіпке даярлауға біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету, тұратын орнына, тағамына, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқитын орынға жол жүруге арналған шығындарды өтеу жөніндегі Нұсқаулық туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген "Жұмыссыздарды кәсіпке даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережелеріне" сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әкімдіктің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 166 "Кәсіпке даярлауға, біліктілігін көтеруге және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету, тұратын орнына, тағамына, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқитын орынға жол жүруге арналған шығындарды өтеу жөніндегі Нұсқаулық туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-3-1 нөмірімен тіркелген, "Торғай" қалалық апталық газетінде 2005 жылдың 13 мамырдағы 19 (41) - нөмірінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
10-тармаққа:
1) тармақшасындағы "тұратын орнына - айына бір айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "тұратын орнына - айына үш айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшасындағы "тағамына - айына бес айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
"Арқалық қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ М. Сүлейменова