О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан "Об утверждении Правил передачи в доверительное управление объектов государственной республиканской собственности" от 12 июля 2005 года № 265
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан "Об утверждении Правил передачи в доверительное управление объектов государственной республиканской собственности" от 12 июля 2005 года № 265
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі N 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 461
- Қабылданған күні
- 14.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 16.08.2011 AI36378_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070005056_
- ЭКБ идентификаторы
- 36378
- Редакция идентификаторы
- AI36378_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:37
0 "Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі N 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
"Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі N 265бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде N 3779 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 16 тамызда N 149 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың атауында және бұйрықтың мәтіні бойынша "сенім білдірілген" деген сөздер "сенімгерлік" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру ережесінде:
Ереженің атауында және Ереженің мәтіні бойынша "сенім білдірілген" деген сөздер "сенімгерлік" деген сөзбен ауыстырылсын;
"1. Жалпы ережелер" тарауында:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сенімгерлік басқарушы (тәуелсіз басқарушы) - Комитетпен сенімгерлік басқару шартын жасаған жеке немесе заңды тұлға;";
4-тармақта "Кейін сатып алу құқығымен" деген сөздерден кейін "немесе рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындар тәуелсіз басқарушылардың сенімгерлік басқаруына тендерлерді өткізудің мерзімдерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша беріледі.
Рентабельді емес кәсіпорындар тізбесін қалыптастыру бойынша ұсыныстарды республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдары (бұдан әрі - мемлекеттік басқару органдары) Комитетке енгізеді.
Тәуелсіз басқарушылардың сенімгерлік басқаруына берілетін объектілердің тізбесіне рентабельді емес республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қосудың негіздемесі мыналар болып табылады:
1) ағымдық, негізгі және негізгі емес қызметтің рентабельділігі көрсеткіштерінің үш жылдың ішінде төмендеуі және/немесе олардың жоспарланған мөлшерлерін қамтамасыз етпеуі;
2) қатарынан үш жылдың ішінде таза табыс бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындамауы;
3) үш жылдан астам мерзімі өткен кредиторлық берешек.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Рентабельді емес кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер жеңімпазын анықтаудың негізгі шарттары мыналар болып табылады:
кәсіпорын қызметінің негізгі түрін сақтау;
мыналарды:
табыстылықты арттыру мақсатында қаржылық көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды;
тиімді қаржы қызметі мақсатында өндіріс құрылымын, оның техникалық-технологиялық негізін қайта құру жөніндегі ұсыныстарды;
маркетингілік қызметті ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды;
біршама тиімді шарттарда қажетті қаржы қаражатын тарта отырып, кәсіпорынды қаржылық тұрақтандырудың (оңалтудың) қолданылатын тетіктері жөніндегі ұсыныстарды қамтитын кәсіпорынды қаржылық оңалту бағдарламасының болуы;
бағдарламаның іске асырылу мерзімі.
Мемлекеттік басқару органдары кәсіпорындар қызметінің ерекшелігін ескере отырып қосымша өлшемдерді ұсынуы мүмкін.".
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Объектілер бойынша ақпараттық хабарлама мемлекеттік және орыс тілдерінде тендер өткізудің жарияланған күніне дейін 15 күнде мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) тендер шарттары және Тендер жеңімпазын анықтау өлшемдері;
2) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасы;
3) тендердің өткізілу күні, уақыты мен орны;
4) тендерге қатысуға өтінімі бар конвертті ұсынудың тәртібі, тәсілі, орны мен түпкі мерзімі және тендерге қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданылу мерзімі;
5) кепілдік жарнаның мөлшері және оларды енгізу үшін банк деректемелері (кепілдік жарнаның мөлшері ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді);
6) мемлекеттік басқару органдары ұсынған қосымша мәліметтер.".