О внесении изменений и дополнений в решение Щучинского районного маслихата от 12 января 2006 года N С-24/3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи инвалидам и детям-инвалидам"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Щучинского районного маслихата от 12 января 2006 года N С-24/3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи инвалидам и детям-инвалидам"
- Атауы (қаз.)
- Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 қаңтардағы N С-24/3 "Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-37/8
- Қабылданған күні
- 28.03.2007
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2008 32739_205704.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07BS000100
- ЭКБ идентификаторы
- 32739
- Редакция идентификаторы
- 32739_205704
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:55
0 Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 қаңтардағы N С-24/3 "Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметттік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 қаңтардағы № С-24/3 «Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 1-19-63, 2006 жылғы 17 қаңтар, аудандық «Луч» газетінің 2006 жылдың 06 ақпанындағы № 11 санында, «Бурабай» газетінің 2006 жылдың 09 ақпанындағы № 6 санында жарияланған) шешіміне, Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 06 наурыздағы № С-26/3 «Щучье аудандық мәслихатының 2006 жылғы 12 қаңтардағы № С-24/3 «Мүгедектерге және мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 1-19-73, 2006 жылғы 21 наурыз, аудандық «Луч» газетінің 2006 жылдың 15 мамырындағы № 39 санында, «Бурабай» газетінің 2006 жылдың 11 мамырындағы № 20 санында жарияланған), шешімімен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) Аталған шешімнің 1 қосымшасындағы 1 «Жалпы ереже» бөлігіндегі 3 тармақ келесі сөздерімен толықтырылсын:
Екі не одан да көп 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыға, кірісіне қарамастан;
1 топтағы онкологиялық аурумен және 1, 2 топтағы туберкулез ауруымен ауыратын, жеке сауықтыру бағдарламасы бар мүгедектерге медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезіндегі материалдық көмек көрсету, кірісіне қарамастан;
Операция жасалғаннан кейін сауықтыру үшін, операциядан кейін 3 ай мерзімде өтініш берген мүгедектерге, кірісіне қарамастан;
1 топтағы мүгедектерге гемодиализ қажет болған жағдайда, кірісіне қарамастан.
2
2) Аталған шешімнің 1 қосымшасындағы 3 «Қажетті құжаттардың тізбесі» бөлігінің 11 тармағының 7 «онкология ауруымен ауырған 1 топтағы мүгедектердің және 1, 2 топтағы туберкулезбен ауырған, операция жасалған мүгедектердің, гемодиализ қажет ететін 1 топтағы мүгедектердің ауруы тарихынан үзінді» тармақшасымен толықтырылсын.
2 2. Аудандық мәслихаттың аталған шешімінің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес енгізілген өзгерістер есепке алынып, жаңа редакцияда берілсін және бекітілсін.
3 3. Щучье аудандық мәслихатының аталған шешімінің 4 қосымшасы алып тасталсын.
4 4. Осы шешімі Ақмола облысының Щучье аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
7 Щучье аудандық мәслихатының
2007 жылғы 28 наурыздағы
№ С-37/8 шешіміне
қосымша
Сауықтыру жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтiк материалдық көмек көрсету ережесі
1 1. Жалпы Ереже
1 1. Осы ереже бюджеттік бағдарлама 007-000 «Уәкілетті жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем бойынша, сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға әлеуметтік материалдық көмек көрсету тәртібін белгілейді».
2
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы ережені қабылдауға құқықтық негіз болып табылады.
3 3. Әлеуметтік материалдық көмек жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес тағайындалады және төленеді:
1, 2 топтағы 2 және одан да көп мүгедектер тұратын отбасына, кірісіне қарамастан;
ата-анасының (асыраушысының) бірі мүгедек болса, 18 жасқа дейінгі мүгедек-баланы тәрбиелейтін отбасына, кірісіне қарамастан;
сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа айлық жиынтық кірісі Ақмола облысында белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен мүгедектің отбасына;
екі не одан да көп 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалары бар отбасыға, кірісіне қарамастан;
1 топтағы онкологиялық аурумен және 1, 2 топтағы туберкулез ауруымен ауыратын, жеке сауықтыру бағдарламасы бар мүгедектерге, медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезіндегі материалдық көмек көрсету, кірісіне қарамастан;
операция жасалғаннан кейін сауықтыру үшін, операциядан кейін 3 ай мерзімде өтініш берген мүгедектерге, кірісіне қарамастан.
1 топтағы гемодиализ қажет болған жағдайда, кірісіне қарамастан.
3-1
3-1. Мүгедектің отбасына жиынтық кірісінде материалдық көмек сұраған тоқсан алдындағы ақшалай түрде алынған барлық кіріс түрлері (еңбекақы, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақы, алимент, оқитындардың стипендиясы және басқа табыстар) есептеледі. Табыстарға тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмек, бала туғанға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және жерлеуге біржолғы жәрдемақы қосылмайды.