Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение областного маслихата от 12 декабря 2006 года N 317 "О предоставлении льгот"

Өзге акт · № 25 · қабылданған 05.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2006-n-317-ekb-36287/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение областного маслихата от 12 декабря 2006 года N 317 "О предоставлении льгот" Күшін жойған Өзге акт ·№ 25 ·05.12.2007
01.01.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в решение областного маслихата от 12 декабря 2006 года N 317 "О предоставлении льгот"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 25 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение областного маслихата от 12 декабря 2006 года N 317 "О предоставлении льгот"
Атауы (қаз.)
Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 317 "Жеңілдіктер беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25
Қабылданған күні
05.12.2007
Көрсетілген редакция
01.01.2014 36287_142078.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07C0003231
ЭКБ идентификаторы
36287
Редакция идентификаторы
36287_142078
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:43

0 Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 317 "Жеңілдіктер беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 17, 18, 19, 20 баптарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 25 желтоқсанда N 3193 тіркелген 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 317 "Жеңілдіктер беру туралы" шешіміне (Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 27 шілдеде N 3224 тіркелген облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 11 шілдедегі N 376 шешімімен енгізілген толықтыруларды еске ала отырып), мынадай толықтырулар енгізілсін:
"Жеңілдіктер беру туралы" шешімнің 1 тармағында, шешімнің Қосымшасының атауында және 1 тармағында "қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің отбасыларына" деген сөздерінен кейін "1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс жасаған тұлғаларға" деген сөздерімен толықтырылсын.
Қосымшаның 3 тармағы "1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс жасаған тұлғаларға коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер 50 пайыз мөлшерінде (өтеледі) беріледі" деген абзацпен толықтырылсын.

2 2. Осы шешім Ақтөбе облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы