Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 12 июня 2006 года № 149-ОД "Об утверждении Правил утверждения предельного уровня тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий"

Бұйрық · № 19-ОД · қабылданған 28.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2006-no-149-ekb-43841/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 12 июня 2006 года № 149-ОД "Об утверждении Правил утверждения предельного уровня тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий" Күшін жойған Бұйрық ·№ 19-ОД ·28.01.2009
17.07.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 12 июня 2006 года № 149-ОД "Об утверждении Правил утверждения предельного уровня тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 19-ОД · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 12 июня 2006 года № 149-ОД "Об утверждении Правил утверждения предельного уровня тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий"
Атауы (қаз.)
"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінін (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19-ОД
Қабылданған күні
28.01.2009
Көрсетілген редакция
17.07.2013 AI43841_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005516_
ЭКБ идентификаторы
43841
Редакция идентификаторы
AI43841_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:55

0

"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінін (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1

1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4287 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылғы 28 шілдедегі N 139 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспедегі "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесінде:
1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "және келісілген" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта:
8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
екінші бөліміндегі "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың:
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) инвестициялық бағдарлама және (немесе) инвестициялық жоба белгіленген тәртіппен бекітілген;"
15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) белгіленген тәртіппен бекітілген:
персоналдың нормативтік саны;
техникалық және технологиялық нормалардың шығыны;
нормативтік техникалық ысыраптардың болуын растайтын құжаттар;
Олар болмаған жағдайда - персоналдың нормативтік санын, шығыстың техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге өтінімдерді қарауға уәкілетті органның қабылдағаны туралы ақпарат.";
16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"16) алдыңғы күнтізбелік жылға және материалдық, қаржылық ресурстарды, жабдық пен қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері;";
21) тармақша алып тасталсын;
10-тармақтағы "Субъектінің осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келуінің негізділігін және" деген сөздер алып тасталсын;
11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетін материалдық шығыстар өнімнің (қызметтердің, тауарлардың, жұмыстардың) бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларына (бұдан әрі - материалдық ресурстар) және (немесе) уәкілетті органның ол белгілеген тәртіппен бекітілген материалдық ресурстардың нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алулардың нәтижелері бойынша анықталған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып айқындалады.".

2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (Л.С. Ермақалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1 1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы