О внесении изменений в совместное решение Костанайского районного маслихата и акимата Костанайского района от 12 июля 2006 года № 321/3с "Об изменении границ (черты) п. Затобольск"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместное решение Костанайского районного маслихата и акимата Костанайского района от 12 июля 2006 года № 321/3с "Об изменении границ (черты) п. Затобольск"
- Атауы (қаз.)
- Қостанай аудандық мәслихатының және Қостанай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 шілдедегі № 321/3б "Затобол кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" бірлескен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 514
- Қабылданған күні
- 29.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2020 82933_472518.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NN005057
- ЭКБ идентификаторы
- 82933
- Редакция идентификаторы
- 82933_472518
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:00
0 Қостанай аудандық мәслихатының және Қостанай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 шілдедегі № 321/3б "Затобол кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" бірлескен шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қостанай аудандық мәслихатының және Қостанай ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 шілдедегі № 321/3б "Затобол кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" бірлескен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-41 тіркелген, 2006 жылғы 21 шілдеде "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "п. Затобольск" деген сөзі тиісінше "поселка Затобольск" деген сөзбен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
мемлекеттік тілдегі 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"2. Мичурин ауылдық округінің жерінен көлемі 15,7 гектар жер учаскесі, оның 14,9 гектары - табиғи жайылым, 0,8 гектары - орман алқабы.".