Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 12 декабря 2006 года № 334 "Об утверждении Правил о проектировании, постройке, ремонте и эксплуатации судов, за которыми должен осуществляться технический контроль и Правил об изготовлении материалов и изделий для установки на судах"

Бұйрық · № 441 · қабылданған 22.09.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2006-no-334/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 12 декабря 2006 года № 334 "Об утверждении Правил о проектировании, постройке, ремонте и эксплуатации судов, за которыми должен осуществляться технический контроль и Правил об изготовлении материалов и изделий для установки на судах" Күшін жойған Бұйрық ·№ 441 ·22.09.2008
01.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 12 декабря 2006 года № 334 "Об утверждении Правил о проектировании, постройке, ремонте и эксплуатации судов, за которыми должен осуществляться технический контроль и Правил об изготовлении материалов и изделий для установки на судах"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 441 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 12 декабря 2006 года № 334 "Об утверждении Правил о проектировании, постройке, ремонте и эксплуатации судов, за которыми должен осуществляться технический контроль и Правил об изготовлении материалов и изделий для установки на судах"
Атауы (қаз.)
"Техникалық бақылау жүзеге асырылуы тиіс кемелерді жобалау, жасау, жөндеу және пайдалану туралы ережені және Кемелерге орнату үшін материалдар мен бұйымдарды дайындау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 334 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
441
Қабылданған күні
22.09.2008
Көрсетілген редакция
01.12.2011 AI42122_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005346_
ЭКБ идентификаторы
42122
Редакция идентификаторы
AI42122_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:51

0

"Техникалық бақылау жүзеге асырылуы тиіс кемелерді жобалау, жасау, жөндеу және пайдалану туралы ережені және Кемелерге орнату үшін материалдар мен бұйымдарды дайындау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 334 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ішкі су жолдарында жүзетін кемелердің және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Техникалық бақылау жүзеге асырылуы тиіс кемелерді жобалау, жасау, жөндеу және пайдалану туралы ережені және Кемелерге орнату үшін материалдар мен бұйымдарды дайындау туралы ережені" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 334 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізімінде N 4497 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2007 жылғы 16 ақпанда N 25 (1228) жарияланған),) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген техникалық бақылау жүзеге асырылуы тиіс кемелерді жобалау, жасау, жөндеу және пайдалану туралы ережеде:
4-тармақтың 6), 7) тармақшаларында, 8-тармақтың 5) тармақшасында, 9-тармақта, 13-тармақтың 2) тармақшасында, 14, 16-тармақтарда, 24-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында, 23, 24, 25, 26, 28, 29, 30, 31, 32, 63 тармақтарында, 64-тармақтың 3) тармақшасында, 65, 70, 73, 75, 76, 79, 82, 109, 110, 112, 114, 115, 123-тармақтарындағы "техникалық куәліктендіру", "техникалық куәландыру", "техникалық куәландыруға", "техникалық куәландырудың", "техникалықтық куәландырулар", деген сөздері "куәліктендіру", "куәландыру", "куәландыруға", "куәландыруда", "куәландырулар" деген сөздермен тиісінше ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2, 16-3, 16-4-тармақтармен толықтырылсын:
"16-1. Мынадай жағдайларда Сыныптау куәлігінің күші жойылады және кеме сыныбының іс-әрекеті тоқтатылады:
1) ұйғарылған мерзімде кеме тұтастай немесе оның жеке элементтері куәландыруға ұсынылмағанда;
2) апаттық жағдайдан кейін, көрсетілген жағдайда кеме кезектен тыс куәландыруға ұсынылады;
3) Тіркеліммен мақұлданбаған құрылмалық өзгерістер енгізгенде;
4) кеме элементтерін жөндеуді орындау және кейіннен Тіркеліммен куәландыру жүргізу бойынша техникалық шарттарды келісуі болмағанда;
5) кемелерді Тіркелімнің нақты жағдайлар үшін реттелген деңгейінен асатын шөгуімен пайдалану, сондай-ақ кемелерді кемеге тағайындаған сыныбына немесе Тіркелімнің бекіткен шектеулеріне сәйкес келмейтін жағдайларда пайдалану;
6) кемені куәландыру процесі кеме иесінің бастамасы немесе кінәсі бойынша тоқтатылғанда;
7) Тіркелім қойған талаптарды (кеменің жөндеуде тұруынан басқа) орындау үшін кемені 3 жылдан артық пайдаланудан шығару, сондай-ақ тұрақта тұру немесе сақтау;
8) кеменің суға батуымен немесе оның істен шығуымен байланысты.
16-2. Тіркелім осы белгіні сынып рәмізіне енгізуге негіз болатын жағдайларды өзгерткен немесе бұзған кезінде сынып рәмізіндегі тиісті таңбаны жояды немесе өзгертеді.
16-3. Осы разрядтағы бассейнде тұрақты пайдаланылатын кеме сыныбы осы бассейн разрядынан төмен болмауы тиіс.
16-4. Тіркелім кеменің негізгі сыныптау таңбасын немесе түрін және бағытын өзгерту жағдайда кеме иесінің өтінімі бойынша кемелерді қайта жіктейді.";
18-тармақтағы "кеменің құрылымы, жүзу ауданы және шарттары" деген сөздер "кемені құру ерекшеліктері және теңіз аудандарында оны пайдалану шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1.Негізгі сыныптық рәмізге қатысты қолданылатын толқындардың нормативтік биіктігінің сипаттамалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес белгіленуі тиіс.";
19-тармақта:
1) тармақшадағы "**" деген таңба "КТ" деген әріптермен ауыстырылсын;
"таңбамен" деген сөзден кейін "мысалы "КТ-О" деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақшада "үтірден" деген сөзден кейін "(сынып формуласындағы өлшемділік келтірілмейді), мысалы: "КТ-О1,5", "КТ-О2,0", "КТ-01,8" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада "Ереженің талаптарын қанағаттандыратын" деген сөздер алынып тасталсын;
4) тармақшадағы "**" деген таңбалар "КТ" деген әріп белгілерімен ауыстырылсын, "сынып" деген сөзден кейін "мысалы, "Э-М2,8" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы "Ережеге сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
20-тармақтағы "үш пайыз" деген сөздер "3 пайыздық" деген сөздермен ауыстырылсын.
81-тармақ алынып тасталынсын;
осы бұйрық қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Оразбеков М.Ж.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Кеме сыныбының негізгі рәмізіне қатысты қолданылатын толқындардың нормативтік биіктігіне сипаттамалар

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2008 жылғы 22 қыркүйектегі
N 441 бұйрығына қосымша
Техникалық бақылау жүзеге
асырылуы тиіс кемелерді
жобалау, жасау, жөндеу
және пайдалану туралы
ережеге қосымша
Кеме сыныбының негізгі рәмізіне қатысты қолданылатын толқындардың нормативтік биіктігіне сипаттамалар
Жал­пы сы­нып­тау таң­ба­сы
Тол­қын­ның нор­ма­тив­тік би­ік­ті­гі, м
Қам­та­ма­сыз еті­л­ген тол­қын би­ік­ті­гі, %
Қай­та­ла­ну жиын­тығы, %
"Л"
0,6
1
< 4
"Р"
1,2
1
< 4
"О"
2,0
1
< 4
"М"
3,0
3
< 4
"О-ПР"
2,0
3
< 5
"М-ПР"
2,5
3
< 5
"М-СП"
3,5
3
< 5

Қолданыстағы