О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 12 апреля 2007 года № 111 "Об отраслевой системе поощрения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 12 апреля 2007 года № 111 "Об отраслевой системе поощрения"
- Атауы (қаз.)
- "Көтермелеудің салалық жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 229
- Қабылданған күні
- 27.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2016 AI75142_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008858
- ЭКБ идентификаторы
- 75142
- Редакция идентификаторы
- AI75142_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:13
0 "Көтермелеудің салалық жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық нормативтік актілері туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Көтермелеудің салалық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк тiзiмiнде № 4651 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында жарияланған, 2007 жыл, наурыз-сәуір) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 11) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Көтермелеу) әзірленген.»;