О внесении дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 12 июня 2007 года № 165 "Об утверждении Инструкции по передачи в доверительное управление объектов коммунальной собственности Мангистауской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 12 июня 2007 года № 165 "Об утверждении Инструкции по передачи в доверительное управление объектов коммунальной собственности Мангистауской области"
- Атауы (қаз.)
- "Маңғыстау облысының коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 маусымдағы № 165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 218
- Қабылданған күні
- 10.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2011 53370_160811.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10M0002072
- ЭКБ идентификаторы
- 53370
- Редакция идентификаторы
- 53370_160811
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:00
0 "Маңғыстау облысының коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 маусымдағы № 165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Маңғыстау облысының коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығын бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 маусымдағы № 165 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде № 1973 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2007 жылғы 18 тамызында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесінде «басқару» деген сөзден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
1-тараудың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Объектілерді заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеу есебіне бергенге дейін Объектілер, кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
Объектілерді кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру Тендер өткізбестен жүзеге асырылады.».