О внесении изменений и дополнений в Правила предоставления малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья (кроме содержания индивидуального жилого дома), оплату жилищно-коммунальных услуг и услуг связи, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 12 декабря 2007 года № 4С-6/7
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в Правила предоставления малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья (кроме содержания индивидуального жилого дома), оплату жилищно-коммунальных услуг и услуг связи, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 12 декабря 2007 года № 4С-6/7
- Атауы (қаз.)
- Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсан № 4С-6/7 шешімімен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық көмек беру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С-15/3
- Қабылданған күні
- 30.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2012 44649_201869.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09BG000075
- ЭКБ идентификаторы
- 44649
- Редакция идентификаторы
- 44649_201869
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:52
0
Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсан № 4С-6/7 шешімімен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық көмек беру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына сәйкес және аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №4С-6/7 шешімімен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұғын үйді ұстаудан басқа), тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық көмек беру ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 1-7-58 тіркелген, «Бұланды таңы» газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 5 санында, «Вести Бұланды жаршысы» газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 5 санында жарияланған, кейін:
1
1) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 1-7-63 тіркелген, «Бұланды таңы» газетінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № т 16 санында, «Вести Бұланды жаршысы» газетінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 16 санында жарияланған, «Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №4С-6/7 шешімімен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық көмек беру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 14 наурыздағы № 4С-7/12 шешімімен өзгерістер енгізілсін) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 2-тармақта «тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі» деген сөздер «жергілікті от жағатын жеке меншік үйлерде жалғыз тұратын зейнеткерлер мен бірінші және екінші топтың мүгедектеріне (бұдан әрі – мақсатты топ) тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 2) 2-тарауда атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрмыстық көмек беру тәртібі»;
3 3) 11-тармақ мына мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) бірінші, екінші топтың мүгедектері мүгедектігі туралы анықтама ұсынуға тиіс.»;
4) мына мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:
«5. Жергілікті от жағатын жеке меншік үйде тұратын мақсатты топтағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрмыстық көмек беру тәртібі
30. Мақсатты топтағы отбасыларға тұрмыстық көмекті есептегенде әлеуметтік тұрғын үй нормаларына сәйкес 1 шаршы метрге 49,75 килограмм қатты отын шығыны ескерілсін.
31. Көмірдің құнын есептеу үшін аудандық статистика бөлімі ұсынған тұрмыстық көмек есептелетін тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдайға аудан бойынша орташа баға пайдаланылсын (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан)».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3 3. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
4 4. Шешім аудандық газетте ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Бұланды ауданының
әкімі Е.Нұғыманов
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
бастығы К. Есмағамбетова