Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Правила предоставления малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья (кроме содержания индивидуального жилого дома), оплату жилищно-коммунальных услуг и услуг связи, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 12 декабря 2007 года № 4С-6/7

Ереже · № 4С-23/5 · қабылданған 12.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2007-no-4-67-ekb-50361/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в Правила предоставления малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья (кроме содержания индивидуального жилого дома), оплату жилищно-коммунальных услуг и услуг связи, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 12 декабря 2007 года № 4С-6/7 Күшін жойған Ереже ·№ 4С-23/5 ·12.12.2009
27.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в Правила предоставления малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья (кроме содержания индивидуального жилого дома), оплату жилищно-коммунальных услуг и услуг связи, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 12 декабря 2007 года № 4С-6/7

Күшін жойған Ереже ·№ 4С-23/5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Правила предоставления малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья (кроме содержания индивидуального жилого дома), оплату жилищно-коммунальных услуг и услуг связи, утвержденные решением Буландынского районного маслихата от 12 декабря 2007 года № 4С-6/7
Атауы (қаз.)
Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-6/7 шешімімен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық жәрдемақы төлеу ережесіне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4С-23/5
Қабылданған күні
12.12.2009
Көрсетілген редакция
27.04.2012 50361_202100.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09BG000103
ЭКБ идентификаторы
50361
Редакция идентификаторы
50361_202100
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:46

0

Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-6/7 шешімімен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық жәрдемақы төлеу ережесіне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметі үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес, заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер мониторингісінің нәтижесі бойынша Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-6/7 шешімімен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық жәрдемақы беру ережесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-58 тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпандағы «Бұланды таңы» № 5, «Вести Бұланды жаршысы» № 5 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Ереженің атауында, 2, 3 тармақтардағы «және байланыс қызметі» деген сөздер «және телекоммуникация қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
1, 16, 17 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметі үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» № 512 қаулысының негіздерінде әзірленді және тұрмыстық жәрдемақы төлену тәртібін аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) айқындайды.»;
«16. Абонент - осы мақсаттар үшін абоненттік желі абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөлінген, байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан жеке тұлға.
«17. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы - тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілу шығындарын өтеуге арналған ақшалай өтемақы.»

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

3 3. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Бұланды ауданының әкімі Е.Нұғыманов
«Бұланды аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы К.Есмағамбетова

Қолданыстағы