Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 декабря 2007 года № 621 "Об утверждении формы Типового договора оказания образовательных услуг"

Бұйрық · № 396 · қабылданған 23.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2007-no-621/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 декабря 2007 года № 621 "Об утверждении формы Типового договора оказания образовательных услуг" Күшін жойған Бұйрық ·№ 396 ·23.08.2012
28.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 декабря 2007 года № 621 "Об утверждении формы Типового договора оказания образовательных услуг"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 396 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 декабря 2007 года № 621 "Об утверждении формы Типового договора оказания образовательных услуг"
Атауы (қаз.)
"Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 621 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
396
Қабылданған күні
23.08.2012
Көрсетілген редакция
28.01.2016 AI67925_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007918
ЭКБ идентификаторы
67925
Редакция идентификаторы
AI67925_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:31

0 "Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 621 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 24)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 621 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 желтоқсанда № 5070 тіркелді, «Заң газетінің» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 12 (1238) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанында:

4 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім алушы:

1 1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының толық көлеміндегі білімді, іскерліктерді және практикалық дағдыларды меңгеруге, оқу және практикалық сабақтарға қатысуға;

2 2) дәлелді себептермен сабақтар жіберген жағдайда, өзі немесе туыстары арқылы болған жағдай туралы хабар беруге;

3 3) білім алушы амбулаториялық немесе стационарлық емделуде болған кезде растайтын құжаттарын көрсету арқылы білім беру ұйымын хабардар етуге;

4 4) білім беру ұйымы басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін және осы шарт талаптарын қадағалауға және орындауға;

5 5) білім беру ұйымының мүліктеріне ұқыпты қарауға және оны тиімді пайдалануға, оқу мен жатақханада тұру үшін қалыпты жағдай жасауға қатысуға;

6 6) әскери есепке тұру ережелерін;

7 7) білім беру ұйымдарының оқытушыларына, қызметкерлеріне және білім алушыларына құрмет көрсетуге және сыпайы қатынас жасауға;

8 8) жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медициналық ұйымдарда, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде немесе мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда жұмысты өтейді.

Бұл ереже педагогикалық, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша қабылдау квотасы шегінде оқуға түскен ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға қолданылады;

9 9) оқуды аяқтағаннан кейін мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік медицина ұйымдарында кем дегенде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.

Бұл ереже мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен азаматтарға қолданылады.».

2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К. Орынхановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы               М. Орынханов

Қолданыстағы