Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2007 года № 943 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий"

Қаулы · № 1335 · қабылданған 14.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2007-no-943-ekb-61442/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2007 года № 943 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий" Күшін жойған Қаулы ·№ 1335 ·14.11.2011
24.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2007 года № 943 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1335 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2007 года № 943 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1335
Қабылданған күні
14.11.2011
Көрсетілген редакция
24.09.2014 AI61442_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001335
ЭКБ идентификаторы
61442
Редакция идентификаторы
AI61442_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:11

0 "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 439-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ережеде:
13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, газ, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу;»;
14-тармақтың 2) тармақшасында:
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, газ, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеуді;»;
«қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын келісуді;
мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеуді;»;
20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы;»;
20-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, газ, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу жөніндегі мәселелерді қарау;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы