О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2007 года № 943 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2007 года № 943 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 693
- Қабылданған күні
- 05.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 24.09.2014 AI73315_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000693
- ЭКБ идентификаторы
- 73315
- Редакция идентификаторы
- AI73315_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:48
0 "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 439-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ережеде:
16-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесіне енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін, сондай-ақ реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды есептеу әдістемесін әзірлеу және оларды мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен бекіту және қолдану;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін бекіту кезінде шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін әзірлеу және оны мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен бекіту және қолдану;»;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) табиғи монополиялар субъектiлерi үшін тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) құрамына кіретін қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза табыс) ставкасын есептеу;».