Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений в Протокол об условиях и порядке применения в исключительных случаях ставок ввозных таможенных пошлин, отличных от ставок Единого таможенного тарифа, от 12 декабря 2008 года

Заң · № 140-V · қабылданған 18.11.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2008-ekb-75345/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений в Протокол об условиях и порядке применения в исключительных случаях ставок ввозных таможенных пошлин, отличных от ставок Единого таможенного тарифа, от 12 декабря 2008 года Қолданыста Заң ·№ 140-V ·18.11.2013
14.10.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений в Протокол об условиях и порядке применения в исключительных случаях ставок ввозных таможенных пошлин, отличных от ставок Единого таможенного тарифа, от 12 декабря 2008 года

Қолданыста Заң ·№ 140-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений в Протокол об условиях и порядке применения в исключительных случаях ставок ввозных таможенных пошлин, отличных от ставок Единого таможенного тарифа, от 12 декабря 2008 года
Атауы (қаз.)
2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
140-V
Қабылданған күні
18.11.2013
Көрсетілген редакция
14.10.2014 75345_396873.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1300000140
ЭКБ идентификаторы
75345
Редакция идентификаторы
75345_396873
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:52

0 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2012 жылғы 24 тамызда Мәскеуде жасалған 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2008 жылғы 12 желтоқсандағы
Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1. 2-баптағы "Кеден одағының комиссиясына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссияға" деген сөздермен ауыстырылсын, "Комиссияның" деген сөз "Комиссия Кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. 4-бапта:

1 және 2-тармақтарда "Комиссия" деген сөз "Комиссия Кеңесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "Комиссияның" деген сөз "Комиссия Кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

4 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

4 "4. Егер Комиссия Кеңесінің тиісті шешімімен өзгеше белгіленбесе, Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен мөлшерлемені қолдану мерзімі алты айдан аспауға тиіс.".

2 2-бап

Осы хаттама ратификациялауға жатады.
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 30 күн өткен соң уақытша қолданыла бастайды және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптар мемлекеттерінің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.
2012 жылғы 24 тамызда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы оның депозитарийі болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Депозитарий әрбір Тарапқа осы Хаттаманың куәландырылған көшірмесін жолдайды.
2012 жылғы 24 тамызда Мәскеу қаласында жасалған 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманың орыс тіліндегі нұсқасы қазақ тіліне аударылған нұсқасымен сай келетінін растаймын.

Қолданыстағы