О внесении изменений в решение акима Шубаркудукского поселкового округа от 12 июня 2008 года № 204 ««Қызылжар» мөлтек ауданындағы көшеге атау беру туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Шубаркудукского поселкового округа от 12 июня 2008 года № 204 ««Қызылжар» мөлтек ауданындағы көшеге атау беру туралы»
- Атауы (қаз.)
- Шұбарқұдық кент округі әкімінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 204 «Қызылжар» мөлтек ауданындағы көшеге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 30
- Қабылданған күні
- 22.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2017 111985_183679.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CJI05334
- ЭКБ идентификаторы
- 111985
- Редакция идентификаторы
- 111985_183679
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:04
0 Шұбарқұдық кент округі әкімінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 204 «Қызылжар» мөлтек ауданындағы көшеге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 132 және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 197 «Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен шешімі мен қаулысына нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3599 тіркелген сәйкес, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1
1. Шұбарқұдық кент округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 12 маусымдағы № 204 ««Қызылжар» мөлтек ауданындағы көшеге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-78 тіркелген, 2008 жылғы 23 шілдедегі аудандық «Темір» газетіне жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімінің қазақ тіліндегі деректемелерінде және мәтінінде «кент», «поселкелік», «кенттік», «кенті» сөздері «ауыл», «ауылдық», «ауылы» сөздерімен ауыстырылсын.