Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 августа 2008 года № 401 "Об утверждении Правил согласования применения реабилитационной процедуры в отношении несостоятельного должника"

Бұйрық · № 292 · қабылданған 17.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2008-no-401/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 августа 2008 года № 401 "Об утверждении Правил согласования применения реабилитационной процедуры в отношении несостоятельного должника" Күшін жойған Бұйрық ·№ 292 ·17.06.2010
30.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 августа 2008 года № 401 "Об утверждении Правил согласования применения реабилитационной процедуры в отношении несостоятельного должника"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 292 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 августа 2008 года № 401 "Об утверждении Правил согласования применения реабилитационной процедуры в отношении несостоятельного должника"
Атауы (қаз.)
"Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 401 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
292
Қабылданған күні
17.06.2010
Көрсетілген редакция
30.03.2012 AI53516_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006330_
ЭКБ идентификаторы
53516
Редакция идентификаторы
AI53516_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:58

0 "Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 401 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу тиімділігін арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 401 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5291 тіркелген, «Заң газетінде» 2008 жылы 10 қазанда № 155 (1381) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша «Комитетті, оның аумақтық бөлімшесін», «Комитет, оның аумақтық бөлімшесі» және «Комитетпен, оның аумақтық бөлімшесімен» деген сөздер «Комитеттің аумақтық бөлімшесін», «Комитеттің аумақтық бөлімшесі» және «Комитеттің аумақтық бөлімшесімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (бұдан әрі - Комитет) оның аумақтық бөлімшелері немесе олардың филиалдары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық бөлімшесі) немесе өзінің орналасқан жері бойынша оның филиалы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта «он бес» деген сөзі «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қарастыру қорытындысы бойынша, Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы дәрменсіз борышкерге оңалту рәсімін қолдануда келісім береді немесе осы келісімді беруден бас тартады.
Дәрменсіз борышкерге оңалту рәсімін қолдануға келісім берген жағдайда Комитеттің аумақтық бөлімшесімен немесе оның филиалымен оңалту рәсімін қолдану мақсаттылығы туралы негізгі тұжырымы айқындалатын қорытынды жасалады.
Дәрменсіз борышкерге оңалту рәсімін қолдануға келісім беруден бас тартқан жағдайда Комитеттің аумақтық бөлімшесімен немесе оның филиалымен өтініш берушіге осы Ереженің 11-тармағында көзделген бас тартудың себептері көрсетілген жауап жіберіледі»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жоспарға өзгертулер енгізу туралы өтініш түскен кезден бастап Комитеттің аумақтық бөлімшесімен немесе оның филиалымен он жұмыс күн ішінде қаралады».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетіне (Н.Д. Үсенова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіден өткізілуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Табиғи
монополияларды реттеу
агенттігінің төрағасы
________________ Н. Алдабергенов
2010 жылғы 15 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің төрағасы
___________________ А. Шаяхметов
2010 жылғы 16 маусым

Қолданыстағы