О внесении изменений и дополнений в решение от 12 февраля 2008 года № 6/3-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию жилищной помощи малообеспеченным гражданам"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение от 12 февраля 2008 года № 6/3-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию жилищной помощи малообеспеченным гражданам"
- Атауы (қаз.)
- "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Нұсқаулық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8/4-IV
- Қабылданған күні
- 15.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2010 AI39535_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VS000076
- ЭКБ идентификаторы
- 39535
- Редакция идентификаторы
- AI39535_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:38
0 "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97-бабына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-19-71 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 7 наурыздағы «Уба-Информ» газетінің № 10 санында жарияланған), 2008 жылғы 12 ақпандағы № 6/3-IV шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) «Жалпы жағдай» 1-бөлімнің 1–тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94 Заңының 97-бабына сәйкес ұсынылады».
2
2) «Тұрғын үй көмегін беру шарттары» 2-бөлімнің 10-тармағындағы «7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар» сөзінен кейін келесі мазмұнмен толықтырылсын: «18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балаларды тәрбиелеумен айналысатын аналар; өзін-өзі жұмыспен қамтыған (өздігінен жұмыс істейтін) тұлғалар; мүгедектік топтары жоқ, туберкулезбен, наркологиялық, онкологиялық аурумен ауратындар ретінде тіркеуде тұрған азаматтар; жүктілік мерзімі 8 аптадан кем емес әйелдер».
3
3) «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) кіріс жиынтығын есептеу» 4-бөлімінің 29-тармағындағы «бала туғандағы берілетін» сөзінен кейін келесі мазмұнмен толықтырылсын: «18 жасқа дейінгі балаларға төленетін ай сайынғы жәрдемақыны, есептеу кезінде белгіленген күн көріс деңгейінен төмен жалпы сомада көрсетілген ақшалай және табиғи түрде берілген қайырымдылық көмекті, отбасыға төтенше жағдайлар салдарынан мүліктері мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мақсатында берілген материалдық көмек; Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес көрсетілген табиғи көмектің түрлері дәрі-дәрмектік препараттар түрінде, шипажайлық-курорттық емделу түрінде, мүгедектерге бөлінген протездік-ортопедиялық құралдар (әзірлеу және жөндеу), жылжымалы құралдары (кресло-арбалар) және сауықтырудың басқа да құралдары, білім беру туралы заңнамаға сәйкес білім беру білім беру ұйымында көрсетілген тегін тамақтандыру және көмек көрсету; халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамалық кесімдерде белгіленген оралмандардың тұрғылықты жерге келу бойынша жол ақысын және мүліктерін (оның ішінде малдарын) жеткізу жөніндегі шығындарын өтеуге, келген жерінен үй сатып алуға және біржолғы жәрдемақы төлеуге»;