Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение от 12 декабря 2008 года № 8 "О присвоении названии улицам населенных пунктов Богетсайского сельского округа"

Өзге акт · № 21 · қабылданған 07.09.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2008-no-8-ekb-93791/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в решение от 12 декабря 2008 года № 8 "О присвоении названии улицам населенных пунктов Богетсайского сельского округа" Қолданыста Өзге акт ·№ 21 ·07.09.2015
07.09.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение от 12 декабря 2008 года № 8 "О присвоении названии улицам населенных пунктов Богетсайского сельского округа"

Қолданыста Өзге акт ·№ 21 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение от 12 декабря 2008 года № 8 "О присвоении названии улицам населенных пунктов Богетсайского сельского округа"
Атауы (қаз.)
"Бөгетсай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
21
Қабылданған күні
07.09.2015
Көрсетілген редакция
07.09.2015 93791_23840.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15CLE04512
ЭКБ идентификаторы
93791
Редакция идентификаторы
93791_23840
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:28

0 «Бөгетсай селолық округіне қарасты елді

мекендерге көше атауын беру туралы»
2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 8
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121–V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Бөгетсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Бөгетсай селолық округі әкімінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 8 «Бөгетсай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-74 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«Бөгетсай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атаулар беру туралы»;
шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде және мәтіні бойынша «селолық» сөзі тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігіндегі «, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2 тармағына және Ақтөбе облысы әкімінің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 255 «Мекенжай Тіркеліміне тіркеу туралы тәртібі және мекенжай құрлымы жөніндегі Ереже бекіту туралы» қаулысына» сөздері алынып тасталсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде «және де аумақ халқының пікірін ескере отырып Бөгетсай селолық округіне қарасты Талдыбұлақ, Карлау, Шіліктісай елді мекендерінің атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы шешім етемін» сөздері «сонымен қатар, Бөгетсай ауылдық округінің Талдыбұлақ, Карлау, Шіліктісай елді мекендерінің халқының пікірін ескере отырып, Бөгетсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:» сөздерімен ауыстырылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы