Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2009 года № 1559 "Об утверждении Правил аккредитации в области здравоохранения"

Қаулы · № 982 · қабылданған 31.08.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2009-no-1559-ekb-60363/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2009 года № 1559 "Об утверждении Правил аккредитации в области здравоохранения" Күшін жойған Қаулы ·№ 982 ·31.08.2011
17.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2009 года № 1559 "Об утверждении Правил аккредитации в области здравоохранения"

Күшін жойған Қаулы ·№ 982 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2009 года № 1559 "Об утверждении Правил аккредитации в области здравоохранения"
Атауы (қаз.)
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
982
Қабылданған күні
31.08.2011
Көрсетілген редакция
17.06.2015 AI60363_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000982
ЭКБ идентификаторы
60363
Редакция идентификаторы
AI60363_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:42

0 «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 42, 408-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесі 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 31 тамыздағы
№ 982 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 12 қазандағы
№ 1559 қаулысымен
бекiтiлген
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесі 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiне сәйкес әзiрлендi және денсаулық сақтау саласында аккредиттеу жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.

2 2. Осы Ережеде, мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
денсаулық сақтау субъектілері – жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын денсаулық сақтау ұйымы, сондай-ақ жеке тұлға;
медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
тәуелсіз сарапшы – денсаулық сақтау субъектілері қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке тұлға;
аккредиттелетін субъект – медициналық ұйым, денсаулық сақтау ұйымы, жеке тұлғалар;
аккредиттеуші орган – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);
халық медицинасы (емшілік) – емдік заттар, сондай-ақ емдік және гигиеналық тәсілдер мен дағдылар туралы халықтың жинаған эмпиризмдік мәліметтерінің жиынтығы және оларды денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу мен емдеу үшін практикалық қолдану.

3 3. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуге:

көрсетiлетiн медициналық және фармацевтикалық қызметтердiң денсаулық сақтау саласындағы белгiленген талаптар мен стандарттарға сәйкестiгiн тану мақсатында медициналық ұйымдар;
емші сертификатын беру бойынша қызметпен айналысуға үміткер денсаулық сақтау ұйымдары;
денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн жеке тұлғалар жатқызылады.

4 4. Аккредиттеу ерiктi сипатта болады және аккредиттелетiн субъектiнiң қаражаты есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынбаған өзге де қаражат есебiнен жүзеге асырылады.

5

5. Денсаулық сақтау саласында аккредиттеудi жүзеге асыратын орган (ұйым) аккредиттеу жөнiндегi тиiстi комиссияны (бұдан әрi – Комиссия) құрады және емші сертификатын беру бойынша қызметпен айналысуға аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдарының, денсаулық сақтау саласындағы медициналық ұйымдар мен тәуелсiз сарапшылардың дерекқорын құрады.

6 6. Медициналық ұйымдарды аккредиттеудi аккредиттеуші орган не денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргiзедi.

7 7. Комиссиялардың құрамы мен олар туралы ереже аккредиттеуші органның шешімімен бекiтiледi.

2 2. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi

8 8. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалауды жүргiзуге аккредиттеуден өту кезiнде жеке тұлғалар аккредиттеушi органға мынадай құжаттарды:

1 1) уәкiлеттi орган бекiткен мамандықтар номенклатурасына сәйкес мәлімделген аккредиттеу саласын көрсете отырып, аккредиттеушi орган бекiткен нысан бойынша аккредиттеуден өтуге арналған өтiнiшті;

2 2) жеке куәлiгiнiң көшiрмесiн;

3 3) салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн;

4 4) жоғары кәсiптiк бiлiмi туралы дипломның көшiрмесiн;

5 5) ғылыми дәрежелерiнің, атақтарының (олар болған кезде) болуы туралы құжаттардың көшiрмелерiн;

6 6) бiрiншi немесе жоғары бiлiктiлiк санаттарының берiлгенi туралы сертификаттардың көшiрмелерiн;

7 7) практикалық денсаулық сақтауда мамандығы бойынша кемiнде 7 жыл жұмыс өтiлiнiң болуын растайтын еңбек кiтапшасының көшiрмесiн;

8 8) жұмыс орнынан (негiзгi) мiнездеме немесе кәсiптiк медицина қауымдастықтарының немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың немесе медициналық бiлiм беру ұйымдарының (кемiнде екеу) ұсынымдарын;

9

9) соңғы 5 жыл iшiнде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және медициналық бiлiм беру ұйымдарында жалпы көлемi кемiнде 216 сағат бiлiктiлiгiн арттыру және (немесе) қайта даярлау туралы, оның iшiнде сараптама жүргiзу мәселелерi бойынша немесе сараптама қызметiнiң негiздерi бойынша құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.

9 9. Аккредиттеуші орган құжаттарды алған сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде жазбаша уәждемемен өтінішті одан әрі қараудан бас тартылады.

10 10. Құжаттарды қарау мерзiмi денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеуден өткiзуге өтiнiш тiркелген сәттен бастап аккредиттеушi орган тиiстi шешiм шығарғанға дейiн 30 күнтiзбелiк күннен аспайды.

11 11. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларды аккредиттеу конкурстық iрiктеу (тестiлеу және әңгiмелесу) арқылы олардың бiлiктiлiгiн кешендi бағалау негiзiнде жүргiзiледi.

12 12. Кешендi бағалаудың қорытындылары бойынша аккредиттеушi орган аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Кешендi бағалауды жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

13 13. Аккредиттеуден өткен субъектiге аккредиттеушi орган бекiтетiн нысан бойынша 3 жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк берiледi.

14 14. Мынадай жағдайларда аккредиттеу туралы куәлiк беруден:

1 1) ұсынылған құжаттарда бұрмаланған немесе жалған ақпарат болғанда;

2 2) кешендi бағалаудың (тестiлеу және әңгiмелесу) қанағаттанғысыз нәтижелерi болғанда;

3 3) азаматтардың және заңды тұлғалардың жеке тұлғаның қызметiне мемлекеттiк органдарға комиссиялық тексеру актiлерiмен расталған негiзгi шағымдары болғанда;

4 4) жеке тұлғаға қатысты мәлiмделген түрi бойынша қызметпен айналысуға тыйым салу туралы сот шешiмi болғанда бас тартылады.

3 3. Медициналық ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi

15 15. Медициналық ұйымдар аккредиттеуден өту үшiн аккредиттеушi органға мынадай құжаттарды:

1 1) аккредиттеушi орган бекiткен нысан бойынша өтiнiшті;

2 2) медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру құқығына қосымшасымен лицензияның көшiрмесiн;

3 3) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерiн (заңды тұлғалар үшiн);

4 4) өзiн-өзi бағалау нәтижелерiнiң өз бетiнше немесе тәуелсiз сарапшыларды тарта отырып жүргiзiлетiн аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiне көшiрмені тапсырады.

Мемлекеттік заңды тұлғалар және мемлекет қатысатын заңды тұлғалар заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесiн немесе меншiк иесi өкiлеттiк берген органның не оған құрылтай құжаттарымен өкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлғаның мөрiмен бекiтiлген медициналық ұйымдар ұсынған ақпараттың растығын көрсетеді.

16 16. Медициналық ұйымдар ұсынған құжаттардың осы Ереженің 15-тармағына сәйкестiгiн қарауды аккредиттеушi органның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.

17

17. Аккредиттеуші органның аумақтық бөлімшелері құжаттарды алған сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәждемемен одан әрі қараудан бас тартылады.

18 18. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу олардың қызметiнiң уәкiлеттi орган бекiткен белгiленген аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiне сыртқы кешендi бағалау негiзiнде жүргiзiледi және мемлекеттiк тапсырысты орналастыру кезiнде ескерiледi.

19 19. Медициналық ұйымдардың аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiне сыртқы кешендi бағалау:

1 1) дербес немесе заңнамада белгiленген тәртiппен аккредиттелген тәуелсiз медициналық сарапшыларды тарта отырып өткiзiлетiн бағалау парақтарын толтыру арқылы аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiне өзiн-өзi бағалау;

2 2) аккредиттеушi органның аумақтық бөлiмшелерi немесе заңнамада белгiленген тәртiппен аккредиттелген тәуелсiз медициналық сарапшыларды тарта отырып өткiзетiн осы Ереженің 15-тармағына сәйкес аккредиттеу рәсiмдерiн өту үшiн ұсынылатын құжаттарды сараптау;

3 3) аккредиттеу комиссиясының аккредиттелетiн субъектiге бара отырып, бағалау парақтарын толтыру арқылы аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiн сараптамалық бағалау;

4 4) сауалнама жүргiзу, сұхбат алу;

5 5) аккредиттеу стандарттарына сәйкестiктi бағалауды баллдық жүйе, медициналық көмек көрсету сапасының индикаторлары негiзiнде, аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiн интегралдық коэффициенттi есептеу арқылы жүргiзу кезеңдерінен тұрады.

20 20. Медициналық ұйымдар ұсынған құжаттарды қарау Комиссияның отырысында аккредиттеу стандарттарына сәйкестiктi сыртқы кешендi бағалауды ескере отырып жүзеге асырылады.

Сыртқы кешендi бағалаудың қорытындылары баллдық жүйе, медициналық көмек көрсету сапасының индикаторлары негiзiнде аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiн интегралдық коэффициенттi есептеу арқылы аккредиттеу стандарттарына сәйкестiктi бағалауды жүргiзумен аяқталады.
Аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгi 60%-дан 80%-ға дейiн жеткен кезде аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау субъектiсiне 2 жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк берiледi, ал аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгi 80%-дан 100%-ға дейiн жеткен кезде 4 жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк берiледi.
Аккредиттеу туралы куәлік нысанын аккредиттеушi орган бекiтеді.

21 21. Аккредиттеушi орган тиісті шешім шығарғаннан кейін аккредиттеуден өткен медициналық ұйымға 10 жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәлiк беріледi.

22 22. Аккредиттеу туралы куәлiктi беруден:

1 1) ұсынылған құжаттарда бұрмаланған немесе жалған ақпарат болған;

2 2) медициналық ұйымдардың сыртқы кешендi бағалау нәтижелерiне сәйкес белгiленген аккредиттеу стандарттарына сәйкессіздігі;

3 3) медициналық ұйымға қатысты мәлімделген қызмет түрімен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімі болған жағдайларда бас тартылады.

4 4. Емші сертификатын беру жөніндегі қызметпен айналысуға денсаулық сақтаудың ұйымдарына аккредиттеу жүргізу тәртібі

23 23. Емші сертификатын беру жөніндегі қызметпен айналысуға үміткер денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – денсаулық сақтау ұйымдары) аккредиттеуден өту үшiн аккредиттеушi органға мынадай құжаттарды:

1 1) емші сертификатын беру құқығына денсаулық сақтау ұйымын аккредиттеуге өтініш;

2 2) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерiн (заңды тұлғалар үшін), өтініш иесін салық органында есепке қою туралы куәлікті;

3

3) меншік құқығындағы үй-жайдың немесе ғимараттың немесе үй-жайға (ғимаратқа) немесе оны жалдауға меншік құқығын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерімен расталған жалдау шартын немесе көрсетілген үй-жайдың (ғимараттың) қабат бойынша жоспары, медициналық қызметке лицензиясының көшірмесін (болған жағдайда);

4 4) осы Ережеге қосымшаға сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдықтың, аппаратураның және аспаптың болуын растайтын құжаттардың көшірмелерін;

5 5) медицина қызметкерлері туралы толық мәліметтерді сипаттай отырып, медицина қызметкерлері штатының болуын растайтын құжаттардың көшірмелерін тапсырады.

24 24. Аккредиттеуші орган құжаттарды алған сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәждемемен одан әрі қараудан бас тартылады.

25 25. Өтініштерді қарау:

1 1) аккредиттеуші орган маманының (бұдан әрі – маман) денсаулық сақтау ұйымын осы Ережеге қосымшаға сәйкес талаптарға сәйкестігіне тексеруі;

2 2) Комиссияның денсаулық сақтау ұйымы ұсынған құжаттар мен маманның актісін зерделеуі;

3 3) емші сертификатын беру құқығына денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу туралы аккредиттеуші органның шешім қабылдауы орган қалыптастыратын аккредиттелген ұйымдардың дерекқорына енгізу және аккредиттеу кезеңдерінен тұрады.

26 26. Өтініш иесін тексеру кезінде маман Ережеге қосымшаға сәйкес талаптарға сәйкестігін кешенді бағалау жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымына барады.

Кешенді бағалау нәтижелері бойынша маман осы Ережеге қосымшаға сәйкес талаптардың барлық тармақтары көрсетілетін тексеру актісін жасайды.

27 27. Құжаттарды қарау мерзімі аккредиттеуден өтуге берілген өтініш тіркелген сәтінен бастап аккредиттеуші орган тиісті шешім шығарғанға дейін 30 күнтізбелік күннен аспайды.

28 28. Денсаулық сақтау ұйымдары тапсырған құжаттарды және маманның кешенді бағалау нәтижелері бойынша тексеру актісін қарау Комиссияның отырысында жүзеге асырылады.

29 29. Денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу туралы мәселені шешу кезінде Комиссия өтініш иесінің осы Ережеге қосымшаға сәйкес талаптарға сәйкестігін белгілейді.

30 30. Аккредиттеуші орган Комиссияның ұсынымы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім шығарады.

31 31. Аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау ұйымы Комиссияның шешімі бойынша халық емшісі куәлігін беру жөнінде аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдарының дерекқорына қосылады.

32 32. Емші сертификатын беру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына денсаулық сақтау ұйымы 3 жылға аккредиттеледі.

33 33. Денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеуге:

1 1) ұсынылған құжаттарда бұрмаланған немесе жалған ақпарат болған;

2 2) денсаулық сақтау ұйымының осы Ережеге қосымшаға сәйкес талаптарға сәйкессіздігі;

3 3) егер денсаулық сақтау ұйымына қатысты өтініш білдірген қызметтің түрімен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімі болған жағдайларда бас тартылады.

5 5. Аккредиттеу туралы куәлiктi қайтарып алу

34 34. Медициналық ұйымды және тәуелсіз сарапшыларды аккредиттеу туралы куәлiктi қайтарып алуды Комиссияның шешiмi бойынша аккредиттеушi орган мынадай фактiлер анықталған жағдайда:

1 1) медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны тоқтатқанда немесе қайтарып алғанда;

2 2) әкiмшiлiк және қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

6 6. Қорытынды ережелер

35

35. Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты және (немесе) медициналық ұйымның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аккредиттелген тәуелсіз сарапшылар, медициналық ұйымдар аккредиттеушi органға көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.
Аккредиттеушi орган тиiстi жазбаша өтiнiш берiлген күннен бастап жеті жұмыс күнiнiң iшiнде тәуелсіз сарапшылармен медициналық ұйымдар үшін аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдейдi.
Бұрын берiлген аккредиттеу туралы куәлiктiң күшi жойылды деп танылады және болған жағдайда аккредиттелген субъектiлердiң дерекқорына тиiстi ақпарат енгiзiле отырып, аккредиттеушi органға қайтарылады.
Емші сертификатын беру жөніндегі қызметпен айналысуға аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымының атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аккредиттеушi орган мұндай өзгерістер туралы хабарлайды, содан кейін аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымының дерекқорына тиісті өзгерістер енгізіледі.

36 36. Аккредиттеу туралы куәлiк жоғалған жағдайда аккредиттеушi орган аккредиттелген тәуелсіз сарапшының, медициналық ұйымның жазбаша өтiнiшi бойынша үш жұмыс күнiнің ішінде аккредиттеу туралы куәлiктiң телнұсқасын бередi.

Бұл ретте аккредиттеу туралы куәлiктiң түпнұсқасының күшi жойылды деп танылады.

37 37. Аккредиттеушi орган медициналық ұйымдар мен тәуелсіз сарапшыларды аккредиттеу туралы куәлiктердiң бланкiлерiн дайындауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етедi.

38 38. Аккредиттелмеген медициналық ұйымдар белгiленген аккредиттеу стандарттарына сәйкессiздiктi жойғаннан кейiн қайта аккредиттеуден өтуге өтiнiш бередi.

39 39. Аккредиттеушi органның аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмiне медициналық ұйымдар, денсаулық сақтау ұйымдары сондай-ақ жеке тұлғалар заңнамада белгiленген тәртiппен шағымдана алады.

86 Емші сертификатын беру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына үміткер денсаулық сақтаудың ұйымдарына арналған аккредиттеу талаптары

Денсаулық сақтау саласындағы
аккредиттеу ережесіне
қосымша
нысан
Емші сертификатын беру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына үміткер денсаулық сақтаудың ұйымдарына арналған аккредиттеу талаптары
Р/с №
Ак­кре­дит­теу та­лап­та­ры
Өл­шем­дер
Ақ­па­рат кө­зі
Та­лап­тар­ды орын­дау ба­ға­сы
1
2
3
4
5
1. Заң­дық мәр­те­бе­сі
1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тық заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес құқық бел­гі­ле­у­ші құ­жат­тар
Мы­на­дай құқық бел­гі­ле­у­ші құ­жат­тар­дың бо­луы:
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әді­лет ор­га­ны бер­ген заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тiк тiр­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы ку­әлiк;
мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы әді­лет ор­га­ны­ның бел­гі­сі бар бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен бе­кі­ті­л­ген жар­ғы;
са­лық тө­ле­у­ші­нің ку­ә­лі­гі;
ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның жар­ғы­сын­да қыз­мет­тің үл­гі­сі, тү­рі, ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны бел­гі­лен­ген;
жар­ғы­ның бө­лім­де­рін­де ұй­ым­ның құ­ры­лы­мы, қыз­мет­ті бас­қа­ру тәр­ті­бі ту­ра­лы ере­же көр­се­ті­л­ген
Құ­ры­л­тай құ­жат­тар па­ке­ті
Бел­гі­лен­ген үл­гі­де­гі өті­ніш­ті ұсын­ған кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­ік дә­ре­же­сін ай­қын­дау үшін құқық бел­гі­ле­у­ші құ­жат­тар­дың (кө­шір­ме­ле­рі­нің) па­ке­ті зер­де­ле­не­ді
2
Ар­найы жаб­дық
Ем­ші­лік­ке қа­бі­лет­ті­лі­гін анық­тау үшін ар­найы жаб­дық­тар­дың (ап­па­рат­тар­дың), атап ай­тқан­да ауро­граф­тың, Фоль ап­па­ра­ты­ның, аку­пунк­ту­ра­лық нүк­те­лер­дің элек­трон­дық мар­ке­рі­нің, ир­ри­до­ди­а­гно­сти­ка үшін қуыс шам­дар­дың, плаз­мо­граф­тың, кос­мо­грам­ма­ның, Ко­рош­ков ап­па­ра­ты­ның бо­луы
Жаб­дық­тар бой­ын­ша құ­жат­та­ма
Ар­найы жаб­дық­тар­мен (ап­па­ра­ту­ра­мен) қам­та­ма­сыз еті­луі, олар­дың тех­ни­ка­лық (жұ­мыс) жағ­дайы тек­се­рі­ле­ді
3
Ақ­па­рат­тық қам­та­ма­сыз ету
Қыз­мет­кер­лер­дің кә­сі­би қыз­ме­тін ақ­па­рат­тық қам­та­ма­сыз ету үшін қа­зір­гі за­ман­ғы те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық және ком­пью­тер­лік жүй­е­лер­ді пай­да­ла­ну;
ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры қыз­мет­кер­ле­рі­нің ин­тер­нет-ре­сур­стар­ға қол­же­тім­ді­лі­гін қам­та­ма­сыз ету;
ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы қа­зір­гі за­ман­ғы же­ті­стіктер ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қыз­мет­кер­лер­дің қол жет­кі­зу­ін қам­та­ма­сыз ету
ин­тер­нет-ре­сур­сқа қо­сы­лу­ға ар­нал­ған шарт;
ин­тер­нет-ре­сур­сқа қо­сы­л­ған;
ма­ман­дар­дың ин­тер­нет-ре­сур­стар­мен жұ­мыс іс­теу кесте­ле­рі;
өзек­ті бас­па өнім­де­рі­нің ке­ліп тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету ар­қы­лы қыз­мет­тің негіз­гі бө­лім­де­рі бой­ын­ша қыз­мет­кер­лер­дің кә­сі­би қыз­ме­тін ақ­па­рат­тық қам­та­ма­сыз ету;
жүй­е­лі ке­ліп тү­се­тін мер­зім­дік бас­па ба­сы­лым­да­ры;
Ден­са­улық сақ­та­удың бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне қол жет­кі­зу;
мер­зім­дік бас­па ба­сы­лым­да­ры ар­найы жаб­дық­тал­ған (үстел­дер­мен, орын­дық­тар­мен және бас­қа да мүк­әм­мал­мен) және қыз­мет­кер­лер үшін қол­же­тім­ді жер­лер­де (кі­та­п­ха­на­ның оқу за­лы) бо­ла­ды;
қыз­мет­кер­лер та­қы­рып­тық кон­фе­рен­ци­я­лар­ға, се­ми­нар­лар­ға, оқы­ту бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на қа­ты­са­ды
Жұ­мыс орын­да­ры тек­се­рі­ле­ді;
ұй­ым қыз­мет­кер­ле­рі­нің жұ­мыс кү­ні бойы ин­тер­нет­ке ер­кін қол­же­тім­ді­лі­гі­нің бо­луы;
оқу за­лын неме­се кі­та­п­ха­на­ны тек­се­ру жүр­гі­зі­ле­ді, ка­та­лог­тар­дың, мер­зім­дік ба­сы­лым­дар­дың бар-жо­ғы тек­се­рі­ле­ді;
ем­деу ке­зін­де ем­ші­лер қол­да­ны­ла­тын пре­па­рат­тар­ға нұс­қа­улық­тар, ар­найы жаб­дық­тар­ды (ап­па­ра­ту­ра­лар­ды) пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі нұс­қа­улық;
ба­сы­лым­дар­ға (бас­па нұс­қа­ла­ры, ин­тер­нет) жа­зы­лу­ға шар­ттар;
өзек­ті әде­би­ет­ке, қа­зір­гі за­ман­ғы жа­ри­я­ла­ным­ға қол­же­тім­ді
4
Ұй­ым­да­сты­ру-ша­ру­а­шы­лық
қыз­мет
Ар­найы жаб­дық­тар­ды (ап­па­ра­ту­ра­ны) және мүк­әм­мал­ды са­тып алу, жа­ңар­ту, есеп­тен шы­ға­ру жос­па­ры­ның бо­луы;
бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен есеп­тен шы­ға­ру ак­ті­ле­рін рә­сім­деу, есеп­тен шы­ға­ру уақ­ты­лы жүр­гі­зі­ле­ді;
жаб­дық­тар­ды ал­ма­сты­ру де­реу жүр­гі­зі­ле­ді.
Ар­найы жаб­дық­қа қыз­мет көр­се­ту мен жөн­де­у­ге шар­ттар­дың бо­луы
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры ұсын­ған құ­жат­та­ма;
ти­іс­ті ұй­ым­дар­мен жаб­дық­тар­ға жөн­деу жүр­гі­зу мен қыз­мет көр­се­ту­ге шар­ттар бар;
жыл сай­ын жаб­дық­тар­ды тек­се­ру жүр­гі­зі­ле­ді
Ти­іс­ті құ­жат­та­ма тал­да­на­ды;
ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның ал­дың­ғы үш жы­л­ғы қыз­ме­тіне тал­дау жүр­гі­зі­ле­ді;
жа­рам­сыз жаб­дық­тар, жұ­мыс іс­тей­тін жағ­дай­ға уақ­ты­лы кел­ті­рі­ле­ді неме­се жа­ңа жаб­дық­пен ауы­сты­ры­ла­ды
Үй-жай­лар­дың са­ни­та­ри­я­лық ере­же­лер мен нор­ма­лар­дың (бұ­дан әрі – Са­нЕН) та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі
Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қыз­мет­тің ба­қы­лау қа­да­ға­лау ор­ган­да­ры­ның тек­се­ру ак­ті­ле­рі
Үй-жай­лар ғи­ма­рат­тар­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді;
қо­сал­қы қыз­мет­тер­ді ұй­ым­да­сты­ру үшін үй-жай­лар бар
Кү­зе­ту­дің се­нім­ді ша­ра­ла­ры­мен қам­та­ма­сыз ету, атап ай­тқан­да:
үй-жай­лар­дың (те­ре­зе мен есік­тер) тор­лар­мен қор­ға­луы және ұй­ым үй-жай­ла­ры­ның бір бө­лі­гі (кас­са; қым­бат тұ­ра­тын ап­па­ра­ту­ра­мен жаб­дық­тал­ған ди­а­гно­сти­ка­лық ка­би­нет­тер; фи­то­д­ә­рі­ха­на, қой­ма­лар мен та­ғы бас­қа­лар) қа­жет­ті кү­зет даб­ыл­да­ры­мен жаб­дық­тал­ған;
адам­дар мен қор­ша­ған ор­та­ға әле­умет­ті қа­уіп төн­ді­ре­тін ар­найы объ­ек­ті­лер (тез тұ­та­на­тын бал­лон­дар, сұй­ық­та­ры бар кон­тей­нер­лер, сәу­ле шы­ға­ра­тын ас­пап­тар мен бас­қа­лар) үшін құлып­қа жа­бы­ла­тын қал­қан­дар мен қап­тар­дың бо­луы;
то­нау мен ғи­ма­рат­қа бө­тен адам­дар­дың кі­ру­і­нен аулақ бо­лу үшін тәу­лік­тік кү­зет ұй­ым­да­сты­ры­л­ған
Ма­те­ри­ал­дық жа­у­ап­ты қыз­мет­кер­лер­ге сұ­рақ қою;
үй-жай­лар­ды тек­се­ру;
кү­зет­тің тек­се­ріп ара­ла­у­ын тір­кеу жур­на­лы;
кү­зет­ші­лер­дің штат кесте­сі;
объ­ек­ті­ні кү­зе­ту­ді жос­пар­лау мен ұй­ым­да­сты­ру
Ғи­ма­рат­тар мен үй-жай­лар­ды тек­се­ру жүр­гі­зі­ле­ді, кү­зе­ту ша­ра­ла­ры­ның бар екен­ді­гі тек­се­рі­ле­ді және олар­дың ба­ра­бар­лы­ғы мен объ­ек­ті­ге қа­рай ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау жүр­гі­зі­ле­ді
Са­бын-жуу және дез­ин­фек­ци­я­ла­у­шы құ­рал­дар­дың қа­жет­ті мөл­ше­рі­нің бо­луы
Үй-жай­лар­да­ғы са­бын-жуу және дез­ин­фек­ци­я­ла­у­шы құ­рал­дар сақ­та­ла­тын ар­найы орын­дар­ды тек­се­ру;
пай­да­ла­ну мен сақ­тау бой­ын­ша нұс­қа­улық
Са­бын-жуу және дез­ин­фек­ци­я­ла­у­шы құ­рал­дар­дың жет­кі­лік­ті мөл­ше­рі бар;
есеп­ке алу құ­жа­ты ти­ісін­ше, са­тып алу кү­ні, жа­рам­ды­лық мер­зім­де­рі көр­се­ті­ле оты­рып рә­сім­дел­ген
Қа­жет­ті тех­ни­ка­лық және бас­қа да қыз­мет­тер­ді ұсы­ну­ға мер­ді­гер­лер­мен шар­ттар
Мер­ді­гер­лер­мен шар­ттар
Ұсы­ны­л­ған қыз­мет­тер­ге жа­сал­ған шар­ттар бар;
шар­ттар ти­іс­ті үл­гі­де жет­кі­зу мер­зім­де­рі, есеп­те­улер, са­тып алу құ­ны көр­се­ті­ле оты­рып, әзір­лен­ген;
қыз­мет­тер­ді ұсы­ну мер­зім­де­рі шар­тта ке­лі­сі­л­ген та­лап­тар­ға сәй­кес жүр­гі­зі­ле­ді
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын­да же­ке су­мен қам­та­ма­сыз ету көз­де­рі мен жер­гі­лік­ті суық су бе­ру жүй­е­сі болған жағ­дай­да үз­дік­сіз жұ­мыс іс­тей­тін ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған неме­се жер­гі­лік­ті су бе­ру жүй­е­сі­нің осы кө­зіне са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тындысы бар;
су­ды тұ­ты­ну үшін са­ни­та­ри­я­лық-тех­ни­ка­лық ас­пап­тар (іш­кі құ­быр­лар, қол­жу­ғы­штар, ра­ко­ви­на­лар, және т.б.) жұ­мыс іс­те­у­ге ар­на­лып қой­ы­л­ға­нын ес­ке­ре оты­рып, ор­на­ла­сты­рыл­ды, олар­дың тех­ни­ка­лық жай-күйі Са­нЕН та­лап­та­ры­на сәй­кес
Су құ­бы­ры, су бе­ру және са­ни­та­ри­я­лық-тех­ни­ка­лық ас­пап жүй­е­ле­рін ара­лау және тек­се­ру;
санэпид­қа­да­ға­лау ор­ган­да­ры жүр­гіз­ген су құ­бы­ры жүй­е­сі­нің тех­ни­ка­лық жай-күй­ін тек­се­ру және су­ды зерт­ха­на­лық зерт­те­улер ак­ті­ле­рі
Су­мен жаб­дық­тау жүй­е­сі үз­дік­сіз жұ­мыс іс­тей­ді, ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы су­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген, олар­дың тех­ни­ка­лық жағ­дайы Са­нЕН та­лап­та­ры­на сәй­кес
Ме­ха­ни­ка­лық қоз­ға­ғы­шы­мен кі­ру-со­ру жел­дет­пе жүй­е­ле­рі, со­ру жел­дет­пе­сі, та­би­ғи жел­дет­пе және кон­ди­ци­о­нер­дің бо­луы
Та­би­ғи қоз­ғалт­қы­шы­мен және та­би­ғи көр­се­ті­л­ген эле­мент­те­рі­нің бо­луы мәніне ара­лау және тек­се­ру жел­дет­кі­шпен со­ру жел­дет­кі­ші жүй­е­ле­рі­нің жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген эле­мент­те­рі­нің бо­луы мәніне ара­лау және тек­се­ру
Әр­бір үй-жай­да та­би­ғи қоз­ға­ғы­шы­мен (ауа кір­гі­зіш) үз­дік­сіз жұ­мыс іс­тей­тін сор­ғыш жел­дет­кі­ші­нің же­ке ар­на­сы мен та­би­ғи жел­дет­кіш (жел­көз­дер, қай­ыр­ма­лы фра­муг­тар) жүй­е­сі бар
Жыл­дың суық мез­гі­лін­де ти­ім­ді жұ­мыс іс­тей­тін, ка­би­нет­тер мен үй-жай­лар­да ауа­ны бір­кел­кі қы­зды­ру­ды қам­та­ма­сыз ете­тін ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған неме­се жер­гі­лік­ті жы­лу жүй­е­сі;
құ­быр­лар мен қы­зды­ру ас­пап­та­ры­ның бе­ті, ор­на­ла­сты­ру мен пай­да­ла­ну, сон­дай-ақ жы­лу та­сы­мал­да­ғы­штар­дың си­па­ты Са­нЕН та­лап­та­ры­на сәй­кес
Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған неме­се жер­гі­лік­ті жы­лу эле­мент­те­рін ара­лау және тек­се­ру
Жыл­дың суық мез­гі­лін­де ти­ім­ді жұ­мыс іс­тей­тін, ка­би­нет­тер мен үй-жай­лар­да ауа­ны бір­кел­кі қы­зды­ру­ды қам­та­ма­сыз ете­тін ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған неме­се жер­гі­лік­ті жы­лу жүй­е­сі бар;
құ­быр­лар мен қы­зды­ру ас­пап­та­ры­ның бе­ті, ор­на­ла­сты­ру мен пай­да­ла­ну, сон­дай-ақ жы­лу та­сы­мал­да­ғы­штар­дың си­па­ты Са­нЕН та­лап­та­ры­на сәй­кес
Өрт­ке қар­сы қа­уіп­сіз­дік­тің қа­жет­ті эле­мент­те­рі, оның ішін­де кон­струк­ци­я­лар мен ма­те­ри­ал­дар (өрт­тен қор­ғай­тын бо­я­у­лар, қап­та­ма­лық кон­струк­ци­я­лар, сырт­қы өрт бас­пал­дақ­та­ры, лифт­тер); өрт сөн­ді­ру құ­рал­да­ры (гид­рант­тар, қол­ғап­тар, өрт сөн­дір­гіш­тер); өрт даб­ыл­да­ры мен ха­бар­ла­ғы­штар қою;
өрт­тің та­ра­луын шек­те­уді қам­та­ма­сыз ете­тін қон­дыр­ғы­лар (өрт­ке қар­сы бө­гет­тер, бө­лік­тер мен сек­ци­я­лар, ава­ри­я­лық ажы­ра­ту және өрт ке­зін­де­гі ай­ы­рып-қо­су қон­дыр­ғы­ла­ры);
өрт ке­зін­де­гі шы­ғу­лар­дың, жи­на­лу пункт­те­рі­нің, қоз­ға­лыс ба­ғыт­та­ры­ның және өрт жаб­дық­та­ры­ның ор­на­лас­қан же­рі­нің нақ­ты нұс­қа­улық­та­ры
Өрт­ке қар­сы қа­уіп­сіз­дік­тің жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген эле­мент­те­рі­нің бо­луы мәніне ара­лау және тек­се­ру, олар­дың тех­ни­ка­лық жай-күй­ле­рі ба­ға­ла­на­ды;
өрт­ке қар­сы қыз­мет­тер­ді тек­се­ру ак­ті­ле­рі
Ұй­ым­ның үй-жай­ла­рын тек­се­ру ке­зін­де өрт­ке қар­сы қа­уіп­сіз­дік жүй­е­ле­рі та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді; өрт­ке қар­сы қа­уіп­сіз­дік жүй­е­ле­рі жұ­мыс іс­тей­ді, жа­у­ап­ты тұл­ға та­ғай­ын­дал­ды;
өрт туын­да­ған жағ­дай­ға қыз­мет­кер­лер­ге нұс­қа­улық бой­ын­ша жұ­мыс жүр­гі­зіл­ді
2. Кадр­лық са­я­сат/қам­та­ма­сыз ету
5
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның бас­шы­сы «Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау/әле­умет­тік ги­ги­е­на және ден­са­улық сақ­та­уды ұй­ым­да­сты­ру» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты бар
Ұй­ым бас­шы­сы­ның «Қо­ғам­дық ден­са­улық сақ­тау /әле­умет­тік ги­ги­е­на және ден­са­улық сақ­та­уды ұй­ым­да­сты­ру» ма­манды­ғы бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты бар;
ұй­ым әр­бір қыз­мет­кер­мен ең­бек шар­тын жа­сас­қан және екі та­рап қол қой­ған, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
жұ­мысқа қа­был­дау ке­зін­де ма­ман­ның ем­ші­лік­ке қа­бі­лет­ті­лі­гі анық­та­ла­ды
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның бас­шы­сы­на сұ­ра­ту жа­сау;
ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның бас­шы мен қыз­мет­кер­лер­дің же­ке ісі
Бас­шы­мен және қыз­мет­кер­мен сұх­бат жүр­гі­зу ар­қы­лы бас­шы мен қыз­мет­кер­дің же­ке ісі зер­де­ле­не­ді;
жұ­мысқа қа­был­дау рә­сі­мі ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жүр­гі­зі­ле­ді және ең­бек­тің тең та­лап­та­ры­на аза­мат­тар­дың құқық­та­рын бұз­бай­ды;
қыз­мет­кер­дің ем­ші­лік­ке қа­бі­лет­ті­лі­гін анық­тау жө­нін­де­гі рә­сім­дер­ді орын­да­уды рас­тай­тын ше­шім­дер­дің нәти­же­ле­рі, хат­та­ма­лар, бас­қа ат­ри­бут­тар бар
6
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның қа­жет­ті қыз­мет­кер­лер­дің са­ны­мен жиын­тық­та­луы
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның штат кесте­сіне сәй­кес ма­ман­дар­мен жиын­тық­тал­ған;
ем­ші­лік қа­бі­лет­ті­лі­гіне ие қыз­мет­кер­лер­дің ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі бар;
ем­ші­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін қо­сал­қы (тех­ни­ка­лық) қыз­мет­кер­лер
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры қыз­мет­кер­ле­рі­нің штат кесте­сі
Штат кесте­сіне сәй­кес ұй­ым­да­ғы қыз­мет­кер­лер­дің негіз­дел­ген са­ны;
ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мын­да­ғы қыз­мет­кер­лер­ге қа­ты­сты ең­бек заң­на­ма­сы сақ­та­ла­ды;
штат кесте­сіне сәй­кес ұй­ым ма­ман­дар­мен жиын­тық­тал­ған
7
Қыз­мет­кер­лер­дің эти­ка және деон­то­ло­гия қа­ғи­дат­та­рын сақ­та­уы
Эти­ка және деон­то­ло­гия мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша ұй­ым қыз­мет­кер­ле­рі­мен тұ­рақ­ты се­ми­нар са­бақ­та­рын өт­кі­зу;
жағ­дай­лар­ды тал­дау және па­ци­ент­тер мен ке­лу­ші­лер­ге қыз­мет­кер­лер­дің дө­ре­кі қа­ты­на­ста­ры­на, сон­дай-ақ па­ци­ент­тер­ден заң­сыз ақ­ша, дә­рі­лер, жаб­дық­тар және т.б. та­лап ету­іне бай­ла­ны­сты ша­ра­лар қа­был­дау
Се­ми­нар са­бақ­та­ры­ның ма­те­ри­ал­да­ры;
ар­найы құ­жат­та­ма
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мын­да эти­ка және деон­то­ло­ги­я­ны сақ­тау мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша қыз­мет­кер­ле­рі-мен се­ми­нар са­бақ­та­рын өт­кі­зу жос­па­ры мен та­қы­ры­бы;
ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын­да қа­был­дан­ған эти­ка­лық нор­ма­лар мен ере­же­лер­ді бұ­зу­шы­лық­қа ша­ғым­дар бой­ын­ша тал­дау мен ша­ра­лар қа­был­дау тәр­ті­бі бе­кі­ті­л­ген;
қыз­мет­кер­лер­дің эти­ка және деон­то­ло­ги­я­ны сақ­тау мо­ни­то­рин­гі жүр­гі­зі­ле­ді эти­ка­лық қа­ғи­да­лар мен нор­ма­лар­ды жиын­тық­тау әзір­лен­ді
8
Ха­лық ме­ди­ци­на­сы са­ла­сын­да­ғы (ем­ші­лік) ин­но­ва­ци­я­лар мен зерт­те­улер­ге қол­дау көр­се­ту
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын­да ха­лық ме­ди­ци­на­сы са­ла­сын­да­ғы (ем­ші­лік) ин­но­ва­ци­я­лар мен зерт­те­улер­ді қол­дау көр­се­ту жө­нін­де­гі кө­тер­ме­леу жүй­е­сі әзір­лен­ді;
ұй­ым­ның та­ра­пы­нан жа­ңа сы­на­ма­лар­ды әзір­ле­умен және ен­гі­зу­мен ай­на­лы­са­тын қыз­мет­кер­лер­ге кө­мек көз­дел­ген;
ен­гі­зі­ле­тін жа­ңа­лық кон­фе­рен­ци­я­лар­да тал­қы­ла­на­ды
Се­ми­нар са­бақ­та­ры­ның ма­те­ри­ал­да­ры;
қыз­мет­кер­лер­ге сұ­ра­ту жа­сау;
ар­найы құ­жат­та­ма
Се­ми­нар са­бақ­та­рын өт­кі­зу кесте­ле­рі;
ин­но­ва­ци­я­лар мен зерт­те­улер­ді бел­гі­лей­тін құ­жат­тар зер­де­ле­не­ді
3. Ем­ші­лер­ге сер­ти­фи­кат­тар бе­ру әді­сте­рі
9
Ем­ші­лер­дің қа­бі­лет­ті­лі­гін тек­се­ру
Ем­ші сер­ти­фи­ка­тын алу­ға үміт­кер тұл­ға­мен әң­гі­ме­ле­су жүр­гі­зі­ле­ді, сон­дай-ақ дәс­түр­лі ме­ди­ци­на­мен ем­деу негі­зі бой­ын­ша бі­лім­де­рі тек­се­рі­ле­ді;
үміт­кер­дің ха­лық ме­ди­ци­на­сы (ем­ші­лік) әді­сте­рі­мен ем­деу мүм­кін­ді­гіне қа­бі­лет­ті­лі­гі зер­де­ле­не­ді;
ар­найы жаб­дық­тар­да (ап­па­рат­та) үміт­кер­лер­ді те­сті­леу жүр­гі­зі­ле­ді;
үміт­кер­ді сы­нау жүр­гі­зі­ле­ді
Әң­гі­ме­ле­су ма­те­ри­ал­да­ры;
сы­нау, те­сті­леу нәти­же­ле­рі бой­ын­ша құ­жат­та­ма­лар
Әң­гі­ме­ле­су, те­сті­леу және сы­нау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша құ­жат­тар зер­де­ле­не­ді
4. Па­ци­ент­тер­ді ем­деу әді­сте­рі
10
Ха­лық ме­ди­ци­на­сы­мен (ем­ші­лік) ем­де­удің бар­лық әді­сіне па­ци­ент­тер­ді ди­а­гно­сти­ка­лау мен ем­деу бой­ын­ша үл­гі­лік әді­сте­ме­лер­дің бо­луы
Ұй­ым­да па­ци­ент­тер­ді ем­де­удің үл­гі­лік әді­сте­ме­ле­рі әзір­ле­ніп, бе­кі­тіл­ді;
ем­де­удің әр­бір әді­сі үшін па­ци­ент­ті ем­де­удің өзін­дік үл­гі­лік әді­сі әзір­ле­не­ді;
үл­гі­лік әді­сте­ме­лер ау­ру­лар­ды ди­а­гно­сти­ка­ла­уды, ем­деу қа­ғи­да­тын, өсім­дік, жа­ну­ар және ми­не­рал тек­тес заттар­ды пай­да­ла­ну­ды, осы ем­деу әді­сін қол­да­ну өл­шем­де­рін си­патта­удан тұ­ра­ды
Іс жүр­гі­зу рә­сім­де­рі;
қыз­мет­кер­лер­ге сұ­рақ қою
Әр­бір ем­деу әді­сте­ме­сі­нің бо­луы тек­се­рі­ле­ді;
«па­ци­ент­ке за­қым кел­тір­ме» қа­ғи­да­тын ес­ке­ре оты­рып, әді­сте­ме­лер­дің ди­а­гно­сти­ка­лан­ған ау­ру­ға қан­ша­лық­ты сәй­кес ке­ле­т­ін­ді­гі ба­ға­ла­на­ды
11
Па­ци­ент­тің құқық­та­рын бұзуға әкеп соқ­қан қыз­мет­кер­дің іс-әре­ке­тіне ша­ғым­да­ну құқы­ғы көз­дел­ген
Мем­ле­кет­тік және орыс тіл­де­рін­де, қол же­тім­ді жер­де мы­на­дай ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­мен маң­дай­ша жа­зу ор­на­ла­сты­ры­л­ған:
па­ци­ент­тің ем­де­у­ші қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де құқық­та­рын бұ­зуы ту­ра­лы ша­ғы­мы­м­ен ті­ке­лей ұй­ым бас­шы­сы­на, сон­дай-ақ па­ци­ент­тің құқық­та­рын қор­ғау жө­нін­де­гі ти­іс­ті қо­ғам­дық ұй­ым­дар­ға неме­се сот­қа ша­ғым­да­ну мүм­кін­ді­гі;
па­ци­ент­тің олар­ға ем­ші­лер­дің қыз­мет көр­се­туі ке­зін­де құқық­та­рын бұ­зу­шы­лы­ғы ту­ра­лы мә­се­ле­лер бой­ын­ша өті­ніш жа­сай ала­тын мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ла­у­а­зым­ды тұ­лға­лар ту­ра­лы (те­гі, аты, әке­сі­нің аты, ла­у­а­зы­мы, те­ле­фон­дар­дың нө­мір­ле­рі);
ұй­ым­да қыз­мет­кер­лер­дің іс-әре­ке­тіне ша­ғым­да­нуы үшін па­ци­ент­тің құқық­та­рын қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі жұ­мыс ұй­ым­да­сты­ры­л­ған
Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның ғи­ма­ра­тын ара­лау;
па­ци­ент­тің ша­ғы­мын тір­кеу жур­на­лы, па­ци­ент­тер­мен әң­гі­ме­ле­су, ұй­ым­да па­ци­ент­тер­дің ша­ғым­да­рын қа­рау жө­нін­де­гі ко­мис­сия құ­ры­л­ған
Ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­мен маң­дай­ша жа­зу зер­де­ле­не­ді;
па­ци­ент­тің құқық­та­рын қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі жұ­мыс тал­да­на­ды

Қолданыстағы