О внесении изменений в решение маслихата от 12 января 2009 года № 158 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок гражданским служащим здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающим в аульной (сельской) местности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 12 января 2009 года № 158 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок гражданским служащим здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающим в аульной (сельской) местности"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 158 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт азаматтық қызметшілеріне жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 201
- Қабылданған күні
- 09.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2015 74877_187306.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13N0004247
- ЭКБ идентификаторы
- 74877
- Редакция идентификаторы
- 74877_187306
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:08
0
Мәслихаттың 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 158 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт азаматтық қызметшілеріне жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Конституциялық Заңының 1-бабы 11-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 158 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт азаматтық қызметшілеріне жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3668 тіркелген, 2009 жылғы 18 ақпанда "Қостанай Таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.".
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Г. Кисленкова