О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2009 года № 292 «Об утверждении Перечня официально признанных источников информации о рыночных ценах» и от 29 апреля 2016 года № 255 «Об утверждении Правил (методики) ценообразования на хлопок-волокно»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2009 года № 292 «Об утверждении Перечня официально признанных источников информации о рыночных ценах» и от 29 апреля 2016 года № 255 «Об утверждении Правил (методики) ценообразования на хлопок-волокно»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 және «Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 395
- Қабылданған күні
- 24.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2023 144158_647805.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000395
- ЭКБ идентификаторы
- 144158
- Редакция идентификаторы
- 144158_647805
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:53
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы
12 наурыздағы № 292 және «Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» 2016 жылғы 29 сәуірдегі
№ 255 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 2) «Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 255 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 147-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта талшығына баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Қағидаларда мақта талшығының нарықтық бағасын айқындау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) «Цена Дайджест» журналы және «Ценовая информация» бюллетені («Цена Дайджест» журналына қосымша), («Цена-Информ» ЖШҚ, Ресей Федерациясы);
2) «Cotlook Cotton Quotes» баға ақпараты («Cotlook Limited» ақпараттық агенттігі, Ұлыбритания);
3) EIKON, («Refinitiv» компаниясы, Ұлыбритания).»;
2-тараудың 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«8. «Cotlook Cotton Quotes» баға ақпараты көзі үшін ақпарат көзінің қолданылу өңірі Оңтүстік Шығыс Азия елдері болып табылады.
9. EIKON ақпарат көзі үшін ақпарат көзінің қолданылу өңірі Еуропа елдері (басқа АКҚӨ-де көрсетілгендерді қоспағанда) болып табылады.»;
3-тараудың 10-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
4-тарауда:
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Cotlook Cotton Quotes» баға ақпараты ақпарат көзінен мақта талшығының бағаларын айқындау тәртібі»;
2-параграфтың 21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«21. «Cotlook Cotton Quotes» баға ақпараты ақпарат көзінде жарияланған мақта талшығының бағасы жарияланған күнінен басталатын және келесі жариялау алдындағы күні аяқталатын уақыт кезеңінде қолданылады.»;
3-параграфта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«EIKON ақпарат көзінен мақта талшығының бағаларын айқындау тәртібі»
27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. EIKON ақпарат көзінде жарияланған мақта талшығының бағасы осы жарияланған күнінен басталатын және келесі жариялау алдындағы күні аяқталатын уақыт кезеңінде қолданылады.
28. EIKON бағалары бойынша қазақстандық мақта талшығының нарықтық бағасын есептеу үшін CIF-Бременнің (Германия Федеративтік Республикасы) жеткізуі шарттарымен жарияланатын COT BRE CIS SM (Mid Price Close)-ден және COT BRE CIS M (Mid Price Close)-ден алынған орташа баға пайдаланылады. Көрсетілген бағалар болмаған жағдайда, COT BRE SP SM (Mid Price Close) орташа бағасы пайдаланылады.
29. Егер, қандай да бір уақыт кезеңінде EIKON жарияланымдарында ТМД елдерінен алынған мақтаның бағалары болмаса, онда нарықтық бағаны есептеу үшін соңғы баға пайдаланылатын болады.»;
5-тарауда:
4-параграфта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Cotlook Cotton Quotes» баға ақпараты АКҚӨ бойынша дифференциалды айқындау тәртібі»;
42-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) CFR-межелі порттың жеткізу шарттарында тиеу станциясынан Читагонг (Бангладеш Халық Республикасы) базалық межелі портына дейін есептелген көліктік шығыстардан тұрады. Жеткізіп беру Владивосток (Ресей Федерациясы) ауыстырып тиеу базалық портына дейін жабық теміржол вагондарымен және әрі қарай Читагонг (Бангладеш Халық Республикасы) портына дейін теңіз көлігімен жүргізіледі;»;
5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«EIKON АКҚӨ бойынша дифференциалды айқындау тәртібі»;
6-тараудың 46-тармағы алып тасталсын;
7-тарауда:
48-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нарықтық баға мен жол берілген ауытқу арасындағы айырмашылық мәміле бағасынан төмен немесе оған тең болған ((МБ НБ – ЖА) ) жағдайларда, мәміле бағасына жол берілген деп танылады. Нарықтық баға мен жол берілген ауытқу арасындағы айырма мәміле бағасынан жоғары болған (МБ < НБ – ЖА) жағдайларда, мәміле бағасына жол берілмеген деп танылады, мұнда:»;
үшінші абзац алып тасталсын.