О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 12 ноября 2009 года № 331 "Об определении условий передачи в имущественный наем (аренду) объектов государственной коммунальной собственности Актюбинской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 12 ноября 2009 года № 331 "Об определении условий передачи в имущественный наем (аренду) объектов государственной коммунальной собственности Актюбинской области"
- Атауы (қаз.)
- Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 331 "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру шарттарын анықтау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 410
- Қабылданған күні
- 28.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2012 56941_184297.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10C0003358
- ЭКБ идентификаторы
- 56941
- Редакция идентификаторы
- 56941_184297
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:23
0 Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 331 "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру шарттарын анықтау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабының 3 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Облыс әкімдігінің «Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру шарттарын анықтау туралы» 2009 жылғы 12 қарашадағы № 331 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3303 тіркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде 2009 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармағының 1 тармақшасы:
«Ақтөбе қаласындағы және аудандардағы мектептерде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша тендерді ұтып алған тұлғаларға мектептерде жайлар беру» жолымен толықтырылсын;
«мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша» деген сөздер «баланс ұстаушының ұсынысы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) Түскен өтінімдерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау Жалға берушімен олардың түскен кезінен бастап бір айлық мерзімде, мынадай құжаттары бар болған жағдайда жүргізіледі:
объектінің баланс ұстаушысынан келісім-хат;
құрылтай құжаттарының көшірмелері (заңды тұлғалар үшін);
жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің, төлқұжатының немесе жеке басын куәлендіретін басқа құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері;
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі»;
«5) Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ, аудандық және қалалық қаржы бөлімімен жүзеге асырылады»;
2 тармағы мынадай редакцияда оқылсын:
«2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі коммуналдық меншік объектілерін жалға алу төлемі мөлшерлемесінің есебін анықтасын.»