О внесении изменения и дополнения в решение Буландынского районного маслихата от 12 декабря 2009 года № 4С-23/4 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Буландынского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение Буландынского районного маслихата от 12 декабря 2009 года № 4С-23/4 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Буландынского района"
- Атауы (қаз.)
- Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-23/4 "Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С-40/4
- Қабылданған күні
- 09.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2012 62790_194437.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BG000143
- ЭКБ идентификаторы
- 62790
- Редакция идентификаторы
- 62790_194437
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:52
0 Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-23/4 "Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-23/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-7-104 тіркелген, 2010 жылы 12 ақпанда «Бұланды таңы», «Вести Буланды жаршысы» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«7) онкологиялық ауруларға, туберкулезден, қант диабетінен ұзақ уақыт емделудегі азаматтарға, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға «Бұланды орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен берілген тізімдердің негізінде жылына бір рет алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде;»;
1-тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) «Бұланды орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен берілген тізімдердің негізінде туберкулезден ұзақ уақыт амбулаториялық емделудегі азаматтар облыстық мамандардан кеңес алу үшін жол ақысы жылына бір рет алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданының әкімі Е.Нұғыманов