О внесении дополнений и изменении в приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 августа 2009 года № 454 "О введении ограничений и запретов на пользование рыбными ресурсами и другими водными животными"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменении в приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 августа 2009 года № 454 "О введении ограничений и запретов на пользование рыбными ресурсами и другими водными животными"
- Атауы (қаз.)
- "Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 тамыздағы № 454 бұйырығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 208
- Қабылданған күні
- 29.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2012 AI51911_3.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006178_
- ЭКБ идентификаторы
- 51911
- Редакция идентификаторы
- AI51911_3
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:42
0 "Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 тамыздағы № 454 бұйырығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы, 1-тармағының 44) тармақшасына, 14, 15-баптарына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 тамыздағы № 454 (нормативтік құқықтық актілерді тіркейтін мемлекеттік Тізімінде 2009 жылғы 20 тамызда № 5756 тіркелген, «Заң газеті» 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 146 (1743) газетінде жарияланған) бұйырығына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарға:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «аралығында» деген сөзінен кейін «аулармен» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұнда 19-1-тармағымен толықтырылсын:
19-1 «19-1. Кәсіптік балық өлшеміне сәйкес емес максималды кездейсоқ ауланатын балық көлемі ауларда - 8%, сүзекілер мен тұзақтарда - 5% дейін аулауға рұқсат етіледі.»;
20-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацындағы «қоржынында және тор қанатта - 44 мм;» деген сөздері «қоржынында - 40 мм; тор қанатта - 44 мм;» сөздерімен алмастырылсын.