О внесении изменений в решение Темирского районного маслихата от 12 февраля 2010 года № 179 "О правилах предоставления жилищной помощи малообеспеченным гражданам"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Темирского районного маслихата от 12 февраля 2010 года № 179 "О правилах предоставления жилищной помощи малообеспеченным гражданам"
- Атауы (қаз.)
- Темір аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 130
- Қабылданған күні
- 13.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2017 75643_165291.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13CJ003691
- ЭКБ идентификаторы
- 75643
- Редакция идентификаторы
- 75643_165291
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:53
0 Темір аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Темір аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-10-123 тіркелген, 2010 жылы 12 наурызда аудандық «Темір» газетінің № 12 жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағиданың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы»;
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап, көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында:
1 - тармақтың 1) тармақшасының 5 абзацы;
2 - тармақтың 1 абзацтағы «, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептеуіштің құнының» сөздері;
2 - тармақтың 2 абзацтағы «тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнына,» сөздері;
3 - тармақтағы «, тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептеуіштің құнына» сөздері;
9 - тармақтағы «, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептеуіштің құнына шығындарына» сөздері;
13 - тармақ;
18 - тармақтағы «және тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнының» сөздері алынып тасталсын.