О внесении изменений в решение районного маслихата от 12 февраля 2010 года № 179 "О правилах предоставления жилищной помощи малообеспеченным гражданам"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 12 февраля 2010 года № 179 "О правилах предоставления жилищной помощи малообеспеченным гражданам"
- Атауы (қаз.)
- "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 245
- Қабылданған күні
- 27.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2017 90324_165295.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CJ004336
- ЭКБ идентификаторы
- 90324
- Редакция идентификаторы
- 90324_165295
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:18
0 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-123 тіркелген, 2010 жылғы 12 наурызда «Темір» газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша «тұрғын жай» деген сөздер «тұрғынжай» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».