О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 12 апреля 2010 года № 22-290п "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров в рамках Дорожной карты на 2010-2011 учебный год за счет целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 12 апреля 2010 года № 22-290п "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров в рамках Дорожной карты на 2010-2011 учебный год за счет целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета"
- Атауы (қаз.)
- "Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен 2010-2011 оқу жылына Жол картасы шеңберінде кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 22-290қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22-545п
- Қабылданған күні
- 16.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2013 AI59408_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11A0000676
- ЭКБ идентификаторы
- 59408
- Редакция идентификаторы
- AI59408_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:11
0 "Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен 2010-2011 оқу жылына Жол картасы шеңберінде кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 22-290қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен 2010-2011 оқу жылына Жол картасы шеңберінде кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы № 22-290қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 17 мамырдағы № 629 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2010 жылғы 22 мамырдағы № 53 (2519), "Вечерняя Астана" газетінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 65 (2522) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мына редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен 2010-2013 оқу жылдарына Жол картасы шеңберінде кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы";
1-тармақта:
"2010-2011 оқу жылына" деген сандар мен сөздер "2010-2013 оқу жылдарына" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:
атауы мына редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттің ағымдағы мақсатты трансферттері есебінен 2010-2013 оқу жылдарына Жол картасы аясында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы".
2 2. Білім басқармасының бастығы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов