Құжат мәтініне өту

О внесении изменении и дополнений в решение городского маслихата от 12 марта 2010 года № 27-12 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральске"

Ереже · № 30-9 · қабылданған 13.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2010-no-27-12-ekb-53711/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменении и дополнений в решение городского маслихата от 12 марта 2010 года № 27-12 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральске" Күшін жойған Ереже ·№ 30-9 ·13.07.2010
25.11.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменении и дополнений в решение городского маслихата от 12 марта 2010 года № 27-12 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральске"

Күшін жойған Ереже ·№ 30-9 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменении и дополнений в решение городского маслихата от 12 марта 2010 года № 27-12 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Уральске"
Атауы (қаз.)
Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30-9
Қабылданған күні
13.07.2010
Көрсетілген редакция
25.11.2014 AI53711_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10ZA000189
ЭКБ идентификаторы
53711
Редакция идентификаторы
AI53711_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:49

0 Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Орал қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-183 тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Жайық үні" газетінде № 17 және 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Пульс города" газетінде № 17 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Қағиданың:
13 тармақта:
"өтемақы шараларымен" деген сөздерден кейін "коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және соларға теңестiрiлген адамдар" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңының нормалары кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы тұрғын жайдың бiр бiрлiгiнің нақты аумағына, бiрақ 50 шаршы метрден аспайтын болып белгіленеді.";
14 тармақта:
"және шығыстар" сөздер алып тасталсын;
"жарты жылдық алдындағы" сөздерінен кейін "шығыстар өткен тоқсанға немесе қызметтер толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсанға есептелсін" деген сөздермен толықтырылсын;
17 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегiн тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерiстер жөнiнде 10 күн мерзiм ішінде (отбасы құрамы, бюджетi, жылжымайтын мүлiк алуы және тағы басқа), сондай-ақ көмекті қате есептеу жайттары жөнiнде уәкілетті органға хабарлауға мiндеттi. Уәкілетті органға қасақана қате мәлiметтер бергендiгi салдарынан заңсыз немесе көтермеленген өтемақы тағайындалса, меншiк иесіне (жалдаушыға) тұрғын үй көмегі бiр жылғы мерзімге дейін берілмеуі мүмкін, ал заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі түріндегі сомалар ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарылады. Келесі мерзімге арналған тұрғын үй көмегі заңсыз алынған тұрғын үй көмегі бюджетке қайтарылған соң тағайындалады.";
20 тармақта:
"берілмеуі мүмкін" деген сөздер "берілмейді" деген сөзімен ауыстырылсын;
21 тармақта:
"Тұрғын үй көмегін тағайындау" сөздерінен кейін "алғаш рет өтініш берушілерге" деген сөздермен толықтырылсын;
28 тармақта:
"берілмеуі мүмкін" деген сөздер "берілмейді" деген сөзімен ауыстырылсын".

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы