Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 2010 года № 296 «Об утверждении Правил проведения мониторинга состояния продовольственной безопасности»

Қаулы · № 391 · қабылданған 22.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2010-no-296-ekb-181812/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 2010 года № 296 «Об утверждении Правил проведения мониторинга состояния продовольственной безопасности» Қолданыста Қаулы ·№ 391 ·22.05.2023
22.05.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 2010 года № 296 «Об утверждении Правил проведения мониторинга состояния продовольственной безопасности»

Қолданыста Қаулы ·№ 391 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 2010 года № 296 «Об утверждении Правил проведения мониторинга состояния продовольственной безопасности»
Атауы (қаз.)
«Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
391
Қабылданған күні
22.05.2023
Көрсетілген редакция
22.05.2023 181812_633947.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000391
ЭКБ идентификаторы
181812
Редакция идентификаторы
181812_633947
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:52

0 «Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 12 сәуірдегі
№ 296 қаулысымен
бекітілген
Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары

1

1. Осы Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроонеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг Заңның 19-2-бабына сәйкес мыналарға:

1 1) азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына;

2 2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жүргізіледі.

3 3. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарды ескере отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі көрсеткіштерінің тізбесі (бұдан әрі – көрсеткіштер тізбесі) бойынша жүргізіледі.

Көрсеткіштер тізбесі осы Қағидалардың 2-тармағында мыналарға:

1 1) 1 – көрсеткіш бойынша – азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне;

2 2) 2-ден 18 – ге дейін – азық-түлік тауарларының тауар қозғалысына;

3 3) 19-дан 23 – ке дейін – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына;

4 4) 24-көрсеткіш – азық-түлік тауарлары қорларының болуына қатысты көзделген азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторингтің бағыттарын қамтиды.

4

4. 1-ден 16, 18, 19, 21-ге дейінгі көрсеткіштерді есептеу Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ ФАО) әдіснамасы бойынша, 17 – көрсеткіш бойынша – сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тауар теңгерімін қалыптастыру нәтижесінде, 20, 22, 23-көрсеткіштер бойынша – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының әдіснамалары бойынша, 24-көрсеткіш бойынша – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа немесе фермер қожалықтарында, астық қабылдау пункттері мен элеваторларда, сауда орындарында, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларында азық-түлік тауарларының қалдықтарын жинақтау жолымен жүзеге асырылады.

5 5. Осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес:

1 1) 1-көрсеткішті есептеуді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүргізеді;

2 2) 2, 3-көрсеткіштерді есептеуді автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті органның деректері негізінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жүргізеді;

3 3) 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 18, 19, 20, 21, 22, 23-көрсеткіштерді есептеуді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жүргізеді;

4 4) 11-ден 15-ке дейінгі көрсеткіштерді есептеуді уәкілетті орган азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде жүргізеді;

5 5) 16-көрсеткішті есептеуді уәкілетті орган коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде жүргізеді;

6 6) 17-көрсеткішті есептеуді сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган жүргізеді;

7 7) 24-көрсеткішті есептеуді жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.

6

6. Уәкілетті орган жыл сайын жылдың қорытындысы бойынша бірінші тоқсанның соңына дейін өз интернет-ресурсында 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 18, 19, 20, 21, 22, 23-көрсеткіштер бойынша деректерді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының қолда бар ресми статистикалық ақпараты, 11, 12, 13, 14, 15-көрсеткіштер бойынша – азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкілетті органның деректері, 16-көрсеткіш –
бойынша коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның деректері, 17-көрсеткіш бойынша – сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның деректері, сондай-ақ әкімшілік деректер мен халықаралық ұйымдардың деректері негізінде орналастырылады.
Аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан, шаруа немесе фермер қожалықтарынан, астық қабылдау пункттері мен элеваторлардан, сауда орындарынан 24-көрсеткіш бойынша деректер жинауды жүзеге асырады және жыл сайын, жылдың қорытындысы бойынша бірінші тоқсанның соңына дейін күнтізбелік 15 күн бұрын оларды облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.
Облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар облыстағы (астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы) азық-түлік тауарлары қалдығының көлемі туралы ақпаратты бірінші тоқсанның соңына дейін күнтізбелік 10 күн бұрын уәкілетті органға ұсынады.

7 7. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторингті уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының деректері негізінде, оның ішінде нақты уақыт режимінде жүргізеді.

8

8. Уәкілетті орган жыл сайын, БҰҰ ФАО және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы көрсеткіштер тізбесі бойынша деректерді өздерінің интернет-ресурстарында жариялағаннан кейін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар азық-түлік тауарлары қорларының бар-жоғы туралы ақпаратты ұсынғаннан кейін бір ай ішінде азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізеді.

9 9. Талдау Қазақстан Республикасын азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін мониторингтеу көрсеткіштерін басқа елдердің БҰҰ ФАО есептейтін ұқсас көрсеткіштерімен салыстырып тексеру жолымен жүргізіледі.

10 10. Талдау нәтижесі Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) рейтингісіндегі дамыған 30 елден артта қалуын анықтау болып табылады.

11 11. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін талдау нәтижелерінің негізінде уәкілетті орган өзінің электрондық интернет-ресурсында оларды орналастыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастырады.

12 12. Уәкілетті орган талдаудың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы ДЭФ ЖБИ рейтингісіндегі дамыған 30 елден артта қалып отырған көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды жібереді.

___________________________________

1 Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін мониторингтеу көрсеткіштерінің тізбесі

Азық-түлік қауіпсіздігінің
жай-күйіне мониторинг
жүргізу қағидаларына
қосымша
Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін мониторингтеу көрсеткіштерінің тізбесі
Р/с

Көр­сет­кіш
1
2
1.
Жал­пы егі­стік ал­қап­та­ры­нан су­а­ру үшін жа­рам­ды егі­стік жер­лер­дің үле­сі, %
2.
Жол­дар­дың жал­пы ұзынды­ғы­нан қат­ты жа­бын­ды жол­дар­дың үле­сі, бар­лық жол­дар­дан %
3.
100 шар­шы ки­ло­метр алаң­ға шақ­қан­да ав­то­жол­дар­дың тығ­ы­зды­ғы
4.
100 шар­шы ки­ло­метр алаң­ға шақ­қан­да те­мір­жол­дар­дың тығ­ы­зды­ғы
5.
Жал­пы ха­лық са­ны бой­ын­ша қа­лып­қа кел­ті­рі­л­ген азық-тү­лік­ті тұ­ты­ну­дың қа­лып­ты дең­гейі жоқ ха­лық­тың бел­гі­лі бір бө­лі­гі­нің жет­кі­лік­ті та­мақ­тан­ба­уы, кү­ніне бір адам­ға ккал
6.
На­рық­та­ғы қол­же­тім­ді жал­пы дән­ді да­қыл­дар кө­ле­мін­де­гі дән­ді да­қыл­дар им­пор­ты­ның үле­сі %
7.
Жал­пы ха­лық са­ны­нан той­ып та­мақ­тан­бау (аштық) қа­у­пі бар ай­мақ­та­ғы ха­лық­тың үле­сі, %
8.
5 жас­қа дей­ін­гі жү­деу ба­ла­лар­дың пай­ы­зы, %
9.
Өсуі жа­ғы­нан арт­та қал­ған 5 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­дың пай­ы­зы, %
10.
Сал­ма­ғы жет­кі­лік­сіз 5 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­дың пай­ы­зы, %
11.
Сал­ма­ғы жет­кі­лік­сіз ере­сек­тер­дің пай­ы­зы, %
12.
Жүк­ті әй­ел­дер ара­сын­да қа­на­здық­тың та­ра­луы, %
13.
5 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­да қа­на­здық­тың та­ра­луы, %
14.
Ха­лық ара­сын­да А дә­ру­ме­ні тап­шы­лы­ғы­ның та­ра­луы, %
15.
Ха­лық ара­сын­да йод тап­шы­лы­ғы­ның та­ра­луы, %
16.
Қа­ла­лар мен ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­де­гі ха­лық­тың су­мен жаб­дық­та­лу қыз­мет­те­ріне қол­же­тім­ді­лі­гі, ха­лық са­ны­ның %-ынан
17.
Қа­лып­тас­қан та­у­ар тең­ге­рі­мі­нің қо­ры­тындысы бой­ын­ша әле­умет­тік ма­ңы­зы бар азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры бө­лі­гін­де іш­кі өн­дірі­спен қам­та­ма­сыз еті­лу, %
18.
Азық-тү­лік им­пор­ты құ­ны­ның бар­лық та­у­ар­лар экс­пор­ты құ­ны­ның жал­пы кө­ле­міне ара­қа­ты­на­сы, %
19.
Ха­лық­тың жан ба­сы­на шақ­қан­да­ғы жал­пы іш­кі өнім (са­тып алу қа­бі­ле­тіне ба­ла­ма­да), бір адам­ға АҚШ дол­ла­ры­мен
20.
Өн­ді­ру­ші кә­сі­по­рын­дар­дың та­мақ өнім­де­ріне қой­ған ба­ға ин­дек­сі, %
21.
Ха­лық­тың ең ке­дей бө­лі­гі­нің азық-тү­лік­ке ар­нал­ған шы­ғы­ста­ры­ның үле­сі, %
22.
Өн­ді­ру­ші­лер­дің ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­міне қой­ған ба­ға ин­дек­сі, %
23.
Азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры­на ба­ға ин­дек­сі, %
24.
Азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры қал­ды­ғы­ның кө­ле­мі, тон­на
________________

Қолданыстағы