О внесении дополнений в решение Атбасарского районного маслихата от 12 апреля 2010 года № 4С 25/17 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Атбасарского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Атбасарского районного маслихата от 12 апреля 2010 года № 4С 25/17 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Атбасарского района"
- Атауы (қаз.)
- Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 "Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С 28/6
- Қабылданған күні
- 26.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2013 54202_198021.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BE000141
- ЭКБ идентификаторы
- 54202
- Редакция идентификаторы
- 54202_198021
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:42
0 Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 "Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-5-136 тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтың 1) тармақшасында «шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін» сөздерінен кейін «, әлеуметтік көмек ақшалай түрде жылына бір рет отбасының бір мүшесіне 5 (бес) айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі,» жолымен толықтырылсын;
1 тармақтың 6) тармақшасында «емделу түрінен тәуелсіз, табысын есептеусіз төленеді» сөздерінен кейін «әлеуметтік көмек ақшалай түрде жылына бір рет отбасының бір мүшесіне 5 (бес) айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі» жолымен толықтырылсын.
2 2. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының әкімі Әубәкіров Р.Ш.
«Атбасар ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының
міндетін атқарушы Коваленко О.И.