О внесении изменения в решение Атбасарского районного маслихата от 12 апреля 2010 года № 4С 25/17 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Атбасарского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Атбасарского районного маслихата от 12 апреля 2010 года № 4С 25/17 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Атбасарского района"
- Атауы (қаз.)
- Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 "Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С 33/2
- Қабылданған күні
- 11.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2013 57444_Some(107495).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BE000160
- ЭКБ идентификаторы
- 57444
- Редакция идентификаторы
- 57444_Some(107495)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:10
0 Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 "Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-5-136 тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын: «6) басқа адамның күтіміне мұқтаж 1, 2 топ мүгедектеріне, жалғызілікті мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек - балаларға, онкологиялық ауруларға әлеуметтік көмек ақшалай түрде жылына бір рет кірістерді есептеусіз 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. Туберкулез ауруларына әлеуметтік көмек қолдау формасында оларды сауықтыру мақсатында ақшалай түрде жылына екі рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. Туберкулез ауруларына Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жол жүру ақысы жылына бір рет ақшалай түрде жол жүру билеттерін ұсынған кезде төленеді;»
2 2. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Атбасар ауданының әкімі
Әубәкіров Р.Ш.
«Атбасар ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Дүйсенбаева С.А.