О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 12 апреля 2010 года № 4С 25/17 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Атбасарского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 12 апреля 2010 года № 4С 25/17 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Атбасарского района"
- Атауы (қаз.)
- Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 "Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5С 10/2
- Қабылданған күні
- 09.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2013 68806_190267.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BE003497
- ЭКБ идентификаторы
- 68806
- Редакция идентификаторы
- 68806_190267
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:56
0 Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 "Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-5-136 тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер төлемін ай сайын 100 пайыз көлемінде облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен коммуналдық қызметтер төлемі бойынша шығындарды өтеуге;»;
Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 шешіміне қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының Е.Сағдиев
3 Атбасар аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 9 қарашадағы
№ 5С 10/2 шешіміне
қосымша
Әлеуметтік көмекті алу үшін қажет құжаттардың тізімі