Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Жанакорганского района от 12 мая 2011 года N 1100 "Об установления квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, нуждающихся в социальной защите по Жанакорганскому району"

Қаулы · № 110 · қабылданған 13.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2011-n-1100/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Жанакорганского района от 12 мая 2011 года N 1100 "Об установления квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, нуждающихся в социальной защите по Жанакорганскому району" Күшін жойған Қаулы ·№ 110 ·13.07.2012
14.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Жанакорганского района от 12 мая 2011 года N 1100 "Об установления квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, нуждающихся в социальной защите по Жанакорганскому району"

Күшін жойған Қаулы ·№ 110 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Жанакорганского района от 12 мая 2011 года N 1100 "Об установления квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, нуждающихся в социальной защите по Жанакорганскому району"
Атауы (қаз.)
"Жаңақорған ауданы бойынша әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 мамырдағы N 1100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
110
Қабылданған күні
13.07.2012
Көрсетілген редакция
14.05.2013 67212_196159.kaz
Соңғы өзгеріс
14.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12LG000158
ЭКБ идентификаторы
67212
Редакция идентификаторы
67212_196159
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:49

0 "Жаңақорған ауданы бойынша әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 мамырдағы N 1100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңына сәйкес және аудан прокурорының 2012 жылғы 14 маусымдағы N 17-1-12, 18 маусымдағы N 2-1004-12-00591 ұсыныстарының негізінде Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жаңақорған ауданы әкімдігінің "Жаңақорған ауданы бойынша әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 12 мамырдағы N 1100 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-7-141 нөмірімен 2011 жылдың 30 мамырында тіркелген, 2011 жылғы 10 маусымда "Жаңақорған тынысы" газетінінің 48 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 5 пайызы мөлшеріндегі квота белгіленсін."
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Ауанов) жұмысқа орналасу үшін өтініш, берген мүгедектердің, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың осы белгіленген квотаға сәйкес жұмысқа жолдануын қамтамасыз етсін."

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің

орынбасары Қ. Бүркітбаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа

енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ауанов Молдахмет Қожахметұлы
__________ "13" шілде 2012ж.

Қолданыстағы