О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 12 августа 2011 года № 1-НП "О некоторых вопросах внешнего государственного финансового контроля"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 12 августа 2011 года № 1-НП "О некоторых вопросах внешнего государственного финансового контроля"
- Атауы (қаз.)
- "Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-НҚ
- Қабылданған күні
- 11.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.11.2015 AI78530_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009206
- ЭКБ идентификаторы
- 78530
- Редакция идентификаторы
- AI78530_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:54
0 "Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 141-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7164 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 24 қыркүйектегі № 453-456 (26849), 2012 жылғы 9 тамыздағы № 483-488 (27561), 2013 жылғы 3 тамыздағы № 182 (28121) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережеде:
16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
3 «3) жергілікті бюджеттердің атқарылуын, сондай-ақ аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау»;
17-тармақта:
1 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
1 «1) мыналарды:
жергілікті бюджеттің, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес атқарылуын;
аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау»;
2 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
2 «2) мыналарды:
өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті;
бақылау объектілерінің есепке алу және есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын;
жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, байланысты гранттар, жергілікті атқарушы органдардың қарыздары, мемлекет активтері түрінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген қаражатты пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін;
жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығының қамтамасыз етілуін, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың дұрыстығын;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын;
жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңға (облыстық мәслихаттың шешіміне) сәйкес шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың көлемін бақылау»;
49-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: