Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 12 мая 2011 года № 273 «Об утверждении Правил классификации и постройки морских судов»

Бұйрық · № 829 · қабылданған 30.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2011-no-273/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 12 мая 2011 года № 273 «Об утверждении Правил классификации и постройки морских судов» Қолданыста Бұйрық ·№ 829 ·30.11.2017
30.11.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 12 мая 2011 года № 273 «Об утверждении Правил классификации и постройки морских судов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 829 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 12 мая 2011 года № 273 «Об утверждении Правил классификации и постройки морских судов»
Атауы (қаз.)
«Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 12 мамырдағы № 273 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
829
Қабылданған күні
30.11.2017
Көрсетілген редакция
30.11.2017 118502_288773.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016130
ЭКБ идентификаторы
118502
Редакция идентификаторы
118502_288773
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:02

0 «Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 12 мамырдағы № 273 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 12 мамырдағы № 273 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6982 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде № 6, 2012 ж. 80-құжат; № 7, 2012 ж. 465-құжат; № 8, 2012 ж. 469-құжат; № 9, 2012 ж. 472-құжат; № 10, 2012 ж. 477-құжат; № 12, 2012 ж. 483-құжат; № 1, 2013 ж. 4-құжат; № 2, 2013 ж. 10-құжат; № 8, 2013 ж. 49-құжатта жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы «Теңізде сауда мақсатында жүзу туралы» Заңына сәйкес әзірленген және теңіз кемелерін жасау кезінде элементтерге, құрылғыларға және жабдықтауға қойылатын талаптарды қоса алғанда, теңіз кемелерін жасау және куәландыру тәртібін белгілейді.»;
2659-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2659. Тұтану температурасы 43 оС төмен отынды пайдалану осы Қағидалардың 3588-1 тармағының талаптарын орындағанда және Кеме қатынасы тіркелімімен арнайы қаралған жағдайда жол беріледі.
Бұл ретте отын машиналық үй-жайларда сақталмайды.»;
3588-1-тармағымен толықтырылсын:
«3588-1. Вентиляторлар оңай жанғыш газ және ауа қосындылардың жануының мүмкіндіген алыс болуы қажет. Қабылдағыш және босататын вентялатор қуыстары сым сеткаларымен қорғалуы қажет. Сорыпалғыш каналдар қауіпті орындарға шығарылуы қажет. Ондай үй-жайлардың кіреберісінде «Темекі шегуге болмайды» деген жазу болады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік

құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы