О внесении изменений в совместное постановление акимата и решение маслихата Актюбинской области от 12 октября 2011 года № 328/415 «Об установлении базовых ставок платы за земельные участки при их предоставлении в частную собственность по Актюбинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместное постановление акимата и решение маслихата Актюбинской области от 12 октября 2011 года № 328/415 «Об установлении базовых ставок платы за земельные участки при их предоставлении в частную собственность по Актюбинской области»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 328/415 «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 387
- Қабылданған күні
- 01.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2019 129482_392746.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900005981
- ЭКБ идентификаторы
- 129482
- Редакция идентификаторы
- 129482_392746
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:57
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 328/415 «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 27-баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 328/415 «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3378 тіркелген, 2011 жылғы 8 қарашада «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімінің қосымшасында:
136 «Шандыаша ауылы», 149 «Мамыт ауылы», 150 «Первомай ауылы», 244 «Опытное ауылы», 254 «Жамбыл ауылы» - жолдары алынып тасталсын.