О внесении изменений и дополнений в решение Жаркаинского районного маслихата от 12 октября 2011 года № 4С 36/3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Жаркаинского районного маслихата от 12 октября 2011 года № 4С 36/3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Жарқайың аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 12 қазандағы № 4С 36/3 " Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5С-6/2
- Қабылданған күні
- 02.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 04.11.2013 65258_191831.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BL000170
- ЭКБ идентификаторы
- 65258
- Редакция идентификаторы
- 65258_191831
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:20
0 Жарқайың аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 12 қазандағы № 4С 36/3 " Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартының 11 тармағына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Жарқайың аудандық мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 12 қазандағы № 4С-36/3 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-153 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 қарашасында «Целинное знамя» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтың 1 тармақшасының екінші азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдық мерекесіне орай өтініш берусіз жылына бір рет он бес мың теңге мөлшерінде»;
1 тармақтың 2 тармақшасының екінші азат жолы алынып тасталсын;
1 тармақтың 3 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдық мерекесіне орай:
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға өтініш берусіз жылына бір рет бес мың теңге мөлшерінде;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына өтініш берусіз жылына бір рет үш мың теңге мөлшерінде»;
1 тармақтың 4 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Халықаралық қарттар күніне орай ең аз зейнетақысы бар жасына байланысты шыққан зейнеткерлерге жылына бір рет екі мың теңге мөлшерінде материалдық көмек»;
1 тармақтың 7 тармақшасы алынып тасталсын;
1 тармақ 7-1 тармақшасымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«7-1) күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша жылына бір рет жиырма төрт мың теңге мөлшерінде материалдық көмек»;
1 тармақтың 11 тармақшасы алынып тасталсын;
1 тармақтың 13 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«жас мамандарды жайластыру «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік әкімшілік бағдарламасымен жас мамандар арасында жасалған Шарттың негізіндегі өтініш бойынша есептік шоттарына аудару арқылы:
жоғары білімді дәрігерге 160 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
педагогтарға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде».
2 тармақтың 3 тармақшасы алынып тасталсын;
2 тармақ 3-1 тармақшасымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«3-1) 1 тармақтың 7-1 тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, есептік шотының нөмірінің көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы), материалдық-тұрмыс жағдайын тексеру актісі, «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен көп балалы отбасының мәртебесін растайтын анықтама»;
2 тармақтың 8 тармақшасы алынып тасталсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданының әкімі Т.Хамитов