О внесении изменений и дополнения в решение районного маслихата от 12 октября 2011 года № 4С-36/3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение районного маслихата от 12 октября 2011 года № 4С-36/3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 12 қазандағы № 4С-36/3 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5С-12/2
- Қабылданған күні
- 09.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 04.11.2013 68849_191728.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BL003504
- ЭКБ идентификаторы
- 68849
- Редакция идентификаторы
- 68849_191728
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:55
0 Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 12 қазандағы № 4С-36/3 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартының 11 тармағына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге 2012 жылға арналған әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi қосымша шаралар туралы» 2012 жылғы 9 ақпандағы № А-2/59 Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 12 қазандағы № 4С-36/3 Жарқайың аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-153 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 қарашасында «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 1 тармақтың 1 тармақшасының үшінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«жүз пайыз мөлшерінде коммуналдық қызмет шығындарын ай сайынғы облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен төлеу;»;
2) 2 тармақтың 1 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1) 1 тармақтың 1 тармақшаның екінші абзацындағы, 2, 3, 4, 5 тармақшаларындағы, 6 тармақшаның екінші абзацындағы көрсетілген санаттар үшін, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Жарқайың аудандық бөлімшесімен ұсынылған атын, тегін және әкесінің атын, туған жылын, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, екінші деңгейлі банктегі есеп шотының нөмірін көрсетілген тізімі;»;
3) 2 тармақ 1-1 тармақшасымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«1-1) 1 тармақтың 1 тармақшаның үшінші абзацындағы көрсетілген санаттар үшін – осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, тұрақты мекен-жай бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекен-жайының анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы), коммуналдық қызметтер жөніндегі баға шоты - түбіртегінің көшірмесі;».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданының әкімі Т.Хамитов