Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер - Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 12 декабря 2011 года № 454 "Об утверждении Инструкции по ведению единого реестра участников специальной экономической зоны"

Бұйрық · № 15 · қабылданған 02.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/12-2011-no-454/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер - Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 12 декабря 2011 года № 454 "Об утверждении Инструкции по ведению единого реестра участников специальной экономической зоны" Күшін жойған Бұйрық ·№ 15 ·02.09.2014
01.07.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер - Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 12 декабря 2011 года № 454 "Об утверждении Инструкции по ведению единого реестра участников специальной экономической зоны"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 15 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер - Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 12 декабря 2011 года № 454 "Об утверждении Инструкции по ведению единого реестра участников специальной экономической зоны"
Атауы (қаз.)
"Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер- министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 454 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15
Қабылданған күні
02.09.2014
Көрсетілген редакция
01.07.2019 83630_415134.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009780
ЭКБ идентификаторы
83630
Редакция идентификаторы
83630_415134
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:41

0

"Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер- министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 454 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 454 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7354 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашада № 319 (27593) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жауапты бөлімше АЭА басқарушы органы ұсынған АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу немесе бұзу туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мәліметтерді Тізілімге енгізеді.
АЭА қатысушысы ретінде тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді Тізілімге енгізу күні қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу күні болып табылады.
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Куәлікте мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) АЭА-ны құру, жұмыс жасау және тарату саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның атауы;
2) АЭА қатысушысы ретінде тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді Тізілімге енгізу күні мен тіркеу нөмірі;
3) Куәлікті беру күні;
4) АЭА атауы;
5) АЭА қатысушысының атауы;
6) АЭА қатысушысының орналасқан орны;
7) басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы және жауапты бөлімшенің мөрі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Телнұсқа және жаңа Куәлік АЭА қатысушысына осы Нұсқаулықтың 10, 11-тармақтарына сәйкес беріледі.
Телнұсқаны немесе жаңа Куәлікті беру кезінде АЭА қатысушысы ретінде тұлғаны тіркеу туралы мәліметтер тізілімде тіркеу нөмірі мен енгізу күні өзгермейді.»;
Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының біріңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті (Е.Қ. Хаиров) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына орналасуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Е. К. Сағадиевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы

Ин­ве­сти­ци­я­лар және да­му
ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­сы
2014 жы­л­ғы 2 қыр­күй­ек­те­гі
№ 15 бұй­ры­ғы­на
қо­сым­ша
Ар­найы эко­но­ми­ка­лық
ай­мақ қа­ты­су­шы­ла­ры­ның
бі­рың­ғай ті­зі­лі­мін жүр­гі­зу
жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­қа
2-қо­сым­ша
Ны­сан
_____________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың
қатысушысы ретінде тіркеу туралы
КУӘЛІК
____________________
(тіркеу нөмірі)
_________ 20 жылғы «___» ________________
(Тұлғаны арнайы экономикалық, аймақ қатысушысы ретінде тіркеу туралы
мәліметтерді тізілімге енгізген күн)
20__ жылғы «____ »_________________
(куәлік берілген күн)
____________________________________________________________________
(арнайы экономикалық аймақтың атауы)
____________________________________________________________________
(арнайы экономикалық аймаққа қатысушының атауы)
____________________________________________________________________
(арнайы экономикалық аймаққа қатысушының орналасқан жері)
Жауапты бөлімшенің басшысы
________________________________________________ ___________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
МО
№_____________

Қолданыстағы