О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 12 декабря 2011 года № 479 "Об утверждении Методики расчета сметы расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 12 декабря 2011 года № 479 "Об утверждении Методики расчета сметы расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума"
- Атауы (қаз.)
- "Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 479 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 390
- Қабылданған күні
- 06.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2015 AI67233_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007859
- ЭКБ идентификаторы
- 67233
- Редакция идентификаторы
- AI67233_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:39
0 "Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 479 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес және ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмыстың шеңберінде БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 479 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 12 қаңтарда № 7376 болып тіркелді, «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде 2012 жылғы 24 сәуірде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесінде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекіту үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналысында міндетті түрде қарауды және мақұлдауды талап етеді. Тұрғын үй инспекциясы кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісуді жүзеге асырады.».