О внесении изменения и дополнения в решение акима Новоильиновского сельского округа от 12 апреля 2012 года № 1 «О присвоении наименований улицам сел Новоильиновского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение акима Новоильиновского сельского округа от 12 апреля 2012 года № 1 «О присвоении наименований улицам сел Новоильиновского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 1 «Новоильинов ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 12.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2018 120471_309095.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18NRJ07653
- ЭКБ идентификаторы
- 120471
- Редакция идентификаторы
- 120471_309095
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:25
0 Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 1 «Новоильинов ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 3 бірлескен қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 161 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген) сәйкес, Новоильинов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 1 «Новоильинов ауылдық округі ауылдарының көшелеріне атау беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-169 тіркелген, 2012 жылғы 17 мамырдағы «Маяк» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
6-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) атаусыз № 6 көшесіне – Карьерная көшесі.».
2 2. «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;